Спорт

Көпкүндік веложарыс аяқталды


 

19-шы рет ұйымдастырылған республикалық көпкүндік веложарысқа барлығы 19 команда қатысты. Тартысты дода еліміздің барлық қалаларынан мықты деген спортшыларды жиды. Велошабандоздар 5 кезеңде түрлі қашықтықты бағындырды. Талапты орындай алмаған спортшылар жарыс жолынан ығысып отырды. Сөйтіп, тек 15 команда финалға шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте біздің жерлестеріміз 1 орыннан көрінсе, Саран қаласының спортшылары 2, ал үздік үштікті астаналық велошабандоздар тұйықтады.

Сергей Ишимов, «СҚО-1» командасының жаттықтырушысы:
– Біз бұл жарысқа дейін Астана қаласындағы чемпионатта болдық.
Онда 4-ші орынды иелендік. Крилл Вияткин қола медальға ие болды. Осы додадан кейін біз командаға ең мықты деген велошабандоздарды іріктеп алдық. Олар осынша құраманың арасынан суырылып шыға білді. Мен оларды мақтан етемін.  

Біздің өңірімізден барлығы 4 команда қатысқан. Әрбір құрамада 6 спортшыдан. 5-ші кезеңде велошабандоздар 36 шақырым жерді бағындырды. Сөйтіп, 13 сағат 46 минут 55 секунд көрсенткішімен біздің «СҚО-1» командасы бас жүлдені жеңіп алды.

 Богдан Гапоченко, жарысқа қатысушы:
-Біз көктемнен бастап дайындалық. Командамыз мықтылықтарын көрсете білді. Біздің бар дайындығымыз бекер кетпеді. Осындай жетістікке жеткенімізге жаттықтырушымыз Сергей Ишимовқа алғысымды білдіремін.  

Саран қаласының спортшылары да осал емес. Олар алғашқы кезеңдерде барлық қиындықты мүлтіксіз бағындырып отырыпты. Тек соңғы кезеңде ғана есесін біздің велошабандоздарға жіберіп алған.

Роман Василенко, жарысқа қатысушы, Саран қаласы:
– Біздің құрама 3 кезеңде де 1 болып келді. Бірақ қалған қиндықты бағындыра алмай ұпай жағынан есемізді жіберіп алдық. Бірақ та ең бастысы жеңу емес, қатысу дейді ғой. 2 орынға ие болғанымызға да қанағат.  

Тартысты додаға 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Республикалық көпкүндік веложарыс Кеңес Одағының спорт шебері Владимир Мезевті еске алу құрметіне ұйымдастырылды.

 Владимир Парахин, велоспорттан   балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві мектебінің директоры:
– Шілде айының 10-да Республикалық велоспорт федерациясы бізге тағы мектеп оқушыларының арасында жарыс өткізуді тапсырды. Велошабандоздар бүгін 18 айналымды бағындырды. Әр қиындықтан өткендерге ұпай беріліп отырды. Спортшылар 1-ші күні 25 км, кейін Омбы трассасында топ болып жарысты. 3 күні Архангелькада команда болып жарысты.

Жеңімпаздар кубок, грамота және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Гүлбану Ахметова