Балалар

Балалар мен жастардың халықаралық слеті

Бұл жиынды халықаралық балалар мен жастар қозғалыстарын қолдау қоғамдық қоры ұйымдастырған. Құрылғанына 7 жыл болған ұйым   осымен жиырма бірінші слет өткізіп отыр екен.

Сергей Олейник, “Крылатый единорог” қоғамдық қорының президенті:
-Жылына кемінде мұндай екі слет өткіземіз. Мұндай жиындардың балаларға берері көп. Әр слеттің өз бағдарламасы болады. Олар бір-бірін қайталамайды.  

Бұл жолғы жиынның да бағдарламасы қызықты, балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді деп отыр ұйымдастырушылар. Слеттің соңында оқушылар Еуразиядағы болашақтағы қаланың жоспарын жасап бітіруі тиіс. Халықаралық жиынға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің түрлі қалаларынан сексеннен астам бала жиналған.
 

 

Ангелина Белозор, Санкт-Петербург құрамасының мүшесі, Ресей:
-Мен мұндай слетке үшінші рет қатысып отырмын. Өте қызықты өтеді әрі аса пайдалы. Осындай жиында көп қажетті мағлұмат аласың. Қалаларды көріп, танып, жаңа достар табасың.

Анастасия Стогначева, Минск құрамасының мүшесі, Беларусь:
-Мұндай жиындардың берері мол. Мен көп жылдан бері қатысып келемін. Өте көп жаңа дүниені білесің. Білімің толыға түседі. Осы жолғы слеттің де ойдағыдай өтетініне сенімдімін.

Ал Эльмира Сәдуақасова болса халықаралық слетке алғаш рет қатысып отыр. Қожаберген жырау атындағы алтыншы орта мектеп оқушысының бұл жиыннан күтері көп.

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл құрамасының мүшесі:  
– Мен осындай слетке алғаш рет қатысып отырмын. Мен үшін өте қызық. Жиынға Қазақстан, Ресей, Белорусь елінің көптеген қалаларынан балалар жиналып отыр. Өзім үшін қажетті көп мәлімет аламын деп ойлаймын.

Халықаралық слет шілденің 13-не дейін жоспарланған.

Айымгүл Әбілева