Қоғам

Астана – армандар орындалатын қала

 

 

 

Кәсібі бардың – нәсібі бар. Елордаға сенім артып келген жас мамандарды арман астана құшақ жайып қарсы алып, үміт отын үзбей қанаттандыра түседі. Бағын сынаған білімді де жігерлі жас қаламен бірге қалыптасып өз орнын таппай қоймады. Динара Құлақбаева соңғы 5 жыл бойы бас қалада ақпараттық ортада жүрген журналист. Кәсіби жолын Петропавл қалалық МТРА тілшісінен бастады.

Динара Құлақбаева:
– МТРА мен үшін ұшып шыққан баға жетпес тәжірибе мектебі болды. Қоян қолтық жұмыс жасаған әріптестерім бір жағадан бас бір жеңнен қол шығара алатын білікті мамандар. СҚО жиған-тергенім бүгінде
Астанадағы жұмысыма кәдеге жарап үлкен көмек болды. Елорданы көшіру жобасы табылған ақыл деп санаймын. Географиялық тұрғыдан бас қалаға жол тарту өзге аймақтарға әлдеқайда жеңілдеді. Осыдан көптеген адамдардың басы қосылатын құтты мекенге айналды.  

Тележурналистиканы бағындырған Динара мүмкіндігін астаналық газетте сынап көріпті. Қалың оқырманға жол тапқан  мақалалардың авторы бүгінде өзін басқа қырынан танытып жүр. Қазір ол ғаламторлық «Бинюс.кz» ақпараттық агенттігінің шығарылым редакторы. Арнамыздан түлеп ұшқан енді бір қаламы қарымды тілші Назия Тұяқова да бас қалада қоғаммен ілесіп, жаңалықтан бұрын жүргендердің қатарында. «Хабар» агенттігінің журналисі өткір тақырыптарға тайынбай қалам тербеп, ойын еркін көсіле жеткізе алатын қасиетімен ерекшеленеді.

 Назия Тұяқова, «Хабар» агенттігінің тілшісі:
– Студенттік шағымда МТРА кәсіби жолым басталды. Қанатымды қатайтып мамандығымның өзге шыңдарын бағындырмаққа бел буып Астанаға көштім. Бүгінде Елбасының салиқалы саясатын халыққа жеткізіп жүргенімді бір белес деп санаймын. Жұмыс бабымен талай шетелдерде болдым. Астана өзіне баурап,тартып тұрады. Ерекше бір қасиеті бар деп ойлаймын. Қуаттандырып жаңа табыстарға жетелейді. Қазір сүйікті қаламыздың туған күніне орай бейнефильм әзірлеп жатырмын.

Мемлекет басшысының саясатын сауатты көрсетіп, санаға сақ, халыққа жақ болып жүрген Артем СҚО тумасы. Бүгінде «Хабар» агенттігінің жаңалықтар  тілшісі Артем да   МТРАөдан түлеп ұшқан. Ол бас қалада өткен төрт жыл өмірін ең қызықты сәттерге балайды.

Артем Истомин,  «Хабар» агенттігінің тілшісі:
– Қазақстанның жер жерінен мыңдаған жас келеді. Меніңше бірі де жоғалып жатқан жоқ. Астана кез келгенді демеп, талабының ұшталуына жол салады. Бұған өз басым куә. Қаламды жаныма серік еткелі біраз арманым орындалды.  

Астана бүгінде – тың жобалар мен нақты істердің ұйытқысы, өз мүмкіндіктерін ашып үлгермегендердің табыс кілті.

Жеңіс Ермұқанов