Ауа райы

Журналистер одағының мүшелеріне құрмет көрсетілді

 

 

Марапаттау рәсімі Журналистер одағының жаңа мүшелеріне билеттер тапсырудан басталды. Беделді ұйымның мүшелігіне 3 журналист енді. Марат Ермұқановтың журналистика саласында еңбектеніп жүргеніне 22 жылдан асыпты. Журналист болуды жас кезімнен армандадым. Енді өмірімді күнделікті ізденіссіз, шығармашылық талпыныссыз елестете алмаймын дейді ол. Қаламы ұшқыр тілші «Жыл журналисі» атанды.

Марат Ермұқанов, «Северный Казахстан» облыстық газетінің тілшісі:
– Журналист болу оңай емес. Қиын еңбек. Қызығушылық пен еңбекқорлық керек.

ҚР Журналистер одағының дипломы, облыстық филиалының грамоталары, «ҚР Ұлттық банкі» СҚОФ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Қазақтелеком» АҚ мекемелерінің сыйлықтары да өз иелерін тапты. Сондай-ақ түрлі ұйымдардың баспасөз хатшылары іс-шараға құр қол келмеді.

Галина Воробьева, ҚР Журналистер одағы СҚОФ төрайымы:
– Биыл «Халық журналисі» атты жаңа аталым қосылды. Өзіміздің сайтымызда дауыс беру арқылы бұл атаққа Виктор Мирошниченко лайық деп табылды. «ҚР құрметті журналисі» атағына Жамбыл ауданы «Ауыл арайы» газетінің редакторы Әсет Мұстафин ие болды.  

Журналистер одағы облыстық филиалының 200-ден астам мүшесі бар. Оның құрамына тәжірибелі қаламгерлермен қатар жас мамандар да енген.  

Әскер Әбілқайыр, ҚР құрметті журналисі:
– Осындай шаралар жиі өткізілсе дейміз. Өте қажетті шара.

Бұл ұйымның маңызы жыл сайын артып келеді.

Инеш Шоқақова