Мәдениет

Погодин атындағы театр «Қаракөзді» дайындап жатыр


 

Мұхтар Әуезовтің “Қаракөз” трагедиясы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар үлкен туынды. Жазушы сүйгеніне қосыла алмаған сұлудың тағдырын керемет суреткерліккен жеткізген. Театр әртістері пьесаны сахналауға екі ай көлемінде дайындалған. Кезекті театр маусымын ашатын қойылымның қаншалықты пісіп-жетілгенін театрдың көркемдік кеңесінің мүшелері салмақтайды. Жергілікті театр труппасына жетекшілік етіп жүрген қойылым режиссері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Юрий Ханинга-Бекназар жұмысының сәтті болатынына сенімді.

Юрий Ханинга-Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткер:

-Мен 20 жыл М.Әуезовтің “Қаракөзін” қоюды армандағанмын. ал Петропавл қаласында осы трагедияны сахналайсың дегенде, бірден келістім. Әртістер рөлдерге жақсы еніп, трагедияны түсініп ойнап жатыр. Бұл қуантады.

Қаракөз рөлі – театр әртісі Наталья Саковичке сеніп тапсырылыпты. Оның сахнадағы бойынан қазақ қызына тән инабаттылық, ибалықты көруге болады.

Наталья Сакович, облыстық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының әртісі:

– Әрбір ролді сомдауда біз көп дайындаламыз. Ал қазақ қызын сомдауда әрине қиыншылықтар болды, себебі, менің ұлтым орыс. Дегенмен, қазақ халқының салт-дәстүрін сол қалпында көрсетуге тырыстық.

Солтүстікқазақстандықтар бұл керемет қойылымды 126-шы театр маусымында тамашаламақ.

Әсел Күшенғалиева