Энергетика

Есептегіш аспап қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді

 

 

Жылу және ыстық суға есептегіш құрылғыларын орнатудың тиімділігін тұтынушыларға монополияға қарсы агенттіктің қызметкерлері 2009 жылдан бері айтып келеді. Үш жылдың ішінде республика тұрғындары бұл жаңашылдықтың мүмкіндіктерін саралап, артықшылығы мен кемшілігін білетін уақыт  болды. Алайда бүгінде облыс орталығында мұндай құрылғылармен жарақтандырылу деңгейі 20 пайызды ғана құрайды.

– Біз жылу есептегіш құрылғысын орнаттық. Бұрынғыға қарағанда әлдеқайда төмен тарифпен төлейміз.
– Жылу есептегіш құрылғысын орнатқан әрине тиімді. Дегенмен, бұл қалта қағады, барлығының қолынан келе бермейді.

Қалалықтар мұндай құралды орнату үшін 300 мыңнан 400 мың теңгеге дейін төлеулері керек. Дегенмен, тек жылу есептегіш құрылғыларды орнатып қана қоймай, энергия көзін үнемдеу мақсатында тұрғын үйді осы бастан дайындау керек. Ал құрылғыға жұмсаған ақшаны бөліп-бөліп те қайтаруға болады.

Нелла Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:

– Олар сонымен қатар электр қуатымен қамтамасыз ететін ұйымның қызметін де пайдалана алады. Ол бұл құрылғыны орнатуға келісім-шартқа қол қойғанда жүзеге асырылады. Пайдаланушылар жылу есептегіш құрылғыға кеткен шығынды бірнеше жылдың ішінде бөліп төлеулеріне болады.

Десе де есептегіш құрылғылары бар облыс тұрғындары жаңа жылыту маусымынан бастап көрсетілген қызметке 20 пайызға төмен тариф бойынша ақы төлемек.

Әсел Күшенғалиева