ТКШ

Жылыту маусымына дайындық жөніндегі облыстық штаб отырысы

 

 

Биылғы жылы коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарын қысқа әзірлеуге бюджеттен 1 млрд. 962 млн. теңге бөлінген. Қаражатқа 726 білім беру, 673 денсаулық сақтау және 388 мәдениет нысандары жөнделеді. Мұнымен қатар 265 шақырым жылу желісі мен 1300-ге жуық су мен кәріз жүйелерін жылыту маусымына дайындау қажет.

Хасип Сюникаев, СҚО энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:
Білім беру мекемелерін қысқа әзірлеу жұмыстары қыркүйектің біріне дейін аяқталуы тиіс. Өзге нысандар жылыту маусымына дейін тапсырылуы керек. Облыс орталығындағы тұрғын үйлерді дайындау бойынша үлкен жұмыстар жоспарланған. Жылыту маусымына 1000-нан артық баспананы дайындау керек.

Бүгінгі күні облыстағы 627 қазандықтың үштен бірі қысқа дайын. Есіл ауданы Явленка ауылындағы орталық қазандықты жылыту маусымына әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар қолға алыныпты. Өткен жылы аудан орталығындағы аурухана мен мектеп суық болған. Сондай-ақ биыл Саумалкөлде және Бескөлде жаңа қазандықтар салынбақ. Бұл мақсатқа 900 млн. теңге бөлініпті. Мұнымен қатар қазір әлеуметтік нысандарға көмір жеткізу жұмысын жүйелі түрде қолға алу керек. Бүгінгі күні жоспарланған 161 мың тонна көмірдің 50 мыңы жеткізіліпті.

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:
Бұл жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуі тиіс. Жоспарланған көлемді толық көлемде жеткізу қажет. Барлық әлеуметтік нысандар көмірмен қамтамасыз етілуі керек. Бұл бағытта жұмыс бойынша апта сайын есеп тапсырылуы тиіс.  

Облыстық штабтың отырысында алдағы жылыту маусымына дайындыққа қатысты түйіткілді мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Айымгүл Әбілева