Қоғам

Жастарды теріс ағымдардан бірлесіп сақтандыру керек



 

 Дін мәселесі – қазіргі қоғамда қызу талқыланатын тақырып. Көпшілікті, әсіресе, жастардың дұрыс жолмен жүруі алаңдатады. Өйткені, ел болашағына санасы ашық, ойы түзу ұрпақ қажет.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ң аға оқытушысы Александр Баев Батыстан келген қосалқы мәдениет түрі кең тарап кетті дейді. Қоғам үшін аса қауіпті болмаса да, өмірге деген көзқарасты өзгертуі әбден мүмкін.

Александр Баев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аға оқытушысы:

– Мысалы, эмо өзін ұнатпайды әрі “не үшін өмір сүру керек” деп ойлайды, ал готтар барлығына немқұрайлықпен қарап, “жас кезде өмірден өтуді” ойынан шығармай жүреді. Бұл әрине, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Сондықтан мұндай модель біздің қоғамға мүлдем сай емес.

Семинар барысында мұндайды күшпен емес, айла-амалмен ауыздықтау қажет деген ұсыныстар айтылды. Баланың болмысы мен ұстанымы отбасында және мектепте қалыптасады. Ендеше, түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, жастарды спортқа баулу керек.

Ольга Черепанова,облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

-Біз “Көз жету” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, діни тақырыптарда интернет-конференция жиі өткізіп тұрамыз. Мен бұның жасөспірімдерге қызықты екені байқадым. Өйткені, олар белсенді қатысады.

Сананы улайтын діни экстремизммен полицейлер де күрес жүргізуде. Олар жыл басынан бері “Таблиғи Жамиғаттың” екі тобын қолға түсірген.

Данаш Хамзина