Қоғам

Зейнеткерлер Елорданы тамашалап келді

 

Валентина Иконникова Астанада алғаш рет болыпты. Екі күндік сапар барысында  Елорданың көптеген талай көрікті жерлерін аралаған зейнеткер бас қаладан керемет әсермен оралған.

Валентина Иконникова:

Жас қала сәулетті ғимараттарының сан алуандығымен таңдандырды. Біз Астананы аралап жүріп, бір-бірімізді емес, барған жерімізде көргендерімізді суретке түсіре бердік.  Айналамыз тамаша сұлулық, ерекше ғимараттар!  

Валентина Семёновна  және Петропавлдан барған 44 зейнеткер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы резиденциясынан ұмытылмас әсер алыпты.   

Валентина Иконникова:

Біз  еліміздің қалыптасу  тарихын көрсететін залдарды аралап жүріп, керемет күй кештік, мұнда  маңызды мемлекеттік актілер, шешімдер қабылданғанын сезінудің әсері керемет.

Аға ұрпақ өкілдерінің Елордаға сапарын ардагерлер кеңесі ұйымдастырған. Валентина Иконникова Астананы тағы да тамашалау мүмкіндігі туады деген үмітте.