Бизнес және экономика

Шілденің 1-нен бастап бензин бағасы арзандайды

1 шілдеден бастап жүргізушілер арасында жоғары сұранысқа ие АИ-92  маркалы бензиннің бағасы 6 теңгеге төмендемек. Бағаның барлық жанар май станцияларында түсуін монополияға қарсы агенттіктің облыстық департаментінің мамандары қадағалап отырады.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

 

-АИ-92 маркалы бензин 112-ден 106 теңгеге арзандайды. Еліміздегі барлық жанармай бекеттерінде АИ-80  – сексен алты, ал дизель отыны тоқсан теңгеден сатылуы тиіс.

Тосын арзаншылыққа әлемдік қаржы биржаларындағы мұнай бағасының құлдырауы себеп. Монополияға қарсы Агенттіктің мәліметінше, қара алтынның әлемдік нарықтағы құны әлі екі есеге түсуі мүмкін. Ол өз кезегінде мұнайға бай Қазақстандағы жанармай бағасының арзандауына жол ашпақ.

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Себеп брент маркалы мұнай бағасының төмендеуі. Мысалы, осы жылдың наурыз айында бір баррельдің орташа бағасы 124 доллар, маусым айында  – 104 доллар. Бағаларды төмендету туралы шешім барлық министрліктермен келісілді.

Дегенмен, бұл жайт көптеген кәсіпорын иелерін мол шығынға әкеліп соқты.

Мәден Жұмағұлов, «Эталон-АвтоРесурс» ЖШС директоры:

-Мен серіктестіктің директоры ретінде жанар-жағармайды бір ай бұрын сатып аламын. Енді, 1-шілде оның құны төмендегенге байланысты мен көп шығынға батамын.

Жанар май сататын станциялар өнім бағасын заңсыз көтерген жағдайда 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Әсел Күшенғалиева