Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі журналистерді құттықтады

Жедел, шынайы ақпарат тарату, қоғам үшін маңызды оқиғалардан шет қалмау, халықты алаңдатқан мәселелердің түйінін тарқату – баспасөз, радио, телевизия саласының қызметкерлеріне осындай жауапты міндет жүктелген. Бұл міндетті журналистер абыроймен атқаруға тырысуда. Жұртшылықты маңызды жаңалықтардан хабардар ететін жергілікті 69 баспа және электрондық БАҚ, оның ішінде 30 газет пен 2 телеарна бар. Облыс әкімі әрдайым елдегі төртінші билік саналатын журналистика саласының мемлекеттің, аймақтың дамуында алатын орны зор екендігін атап өтті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Тарихымыздың жаңа кезеңінде еліміз Елбасының басшылығымен әлемде лайықты орын алды. Оған БАҚ та үлес қосуда. Жергілікті БАҚ облысымыздағы экономиканың, әлеуметтік-мәдени саланың дамуына оң ықпал етуде.  

Күн сайын түрлі салада қызмет ететін жерлестеріміздің тағдыры мен шығармашылығы туралы қалам тербейтін журналистер мен операторлар – бүгінгі күннің басты кейіпкерлері. Сондықтан  құттықтау сөздері мен түрлі марапаттар мереке иелеріне арналды. 3 қызметкер облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды.

Тоқтар Зікірин, «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің экономика бөлімінің редакторы:
– БАҚ билік және халық арасындағы алтын көпір. Сондықтан біздің жұмысымызды бағалағаныңыз үшін
алғысымды білдіремін.  

Телевизия өнімі – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Сондықтан кәсіби мереке күні камера объективінен тыс қалып, көрермен көзіне жиі түсе бермейтін қызметкерлердің еңбегі де елеусіз қалмады. Солардың бірі – «Муниципалдық телеарнаның» компьютерлік графика дизайнері Анатолий Насировқа облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Арнамыздың тілшісі Жеңіс Ермұқанов та осы марапатқа ие болды.

 Жеңіс Ермұқанов, «Муниципалдық телеарна» ЖШС тілшісі:
– Халыққа хабар жеткенге дейін бірнеше адам жұмыс істейді. Сондықтан бұл баршамыздың ортақ мерекеміз. Әріптестерімізді кәсіби мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын.  

Сондай-ақ өңір жетекшісі 9 адамға сыйақы табыстады. Арнамыздың операторлары Андрей Воловик пен Вадим Блажевич солардың қатарында. Бір кездері қазақ қаламгерлері бұл күнді ең алғаш қазақ тілінде жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінің шыққан күні, яғни 10 мамырда атап өткен екен. Бұдан соң мереке маусым айының соңғы жексенбісіне, кейін 28-ші жұлдызына белгіленген болатын. Алдағы уақытта ҚР Президентінің мерекелер туралы жарлығына өзгертулер енгізіліп, жеке-дара Журналистика және баспасөз қызметкерлері күні аталып өтпек. Сондай-ақ жиын соңында Серік Біләлов облыстық әкімдіктің жанынан БАҚ бойынша қоғамдық кеңес құрылатындығын жеткізді. Оған өңірдегі ең беделді қаламгерлер енбек.

Инеш Шоқақова