ТКШ

Көптен күткен жаңбырдың әлегі



 

Жауынның көп түсуінен қаладағы тротуарлардың шұңқыр жерлері суға толып қалған. Бүгін әйтеуір жаңбыр тоқтады. Бірақ көшелерде іркіліп қалған су оңайлықпен жол тауып кете қоятын емес. Қалыптасқан жағдай тұрғындарды біраз әбігерге салды. Букетов көшесіндегі «Қазақтелеком» АҚ маңайында да осындай көріністі байқауға болады. Үш күннің ішінде мұнда да біраз жаңбыр суы жиналып қалған. Барлығына тұрғындар жергілікті коммуналдық қызметтерді кінәлап отыр. Олар өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқармайды дейді.

– Жердің бәрі саз. Бұл біз үшін ыңғайсыз. Және жерге жиналған сулардан секіріп өтуге мәжбүрміз. Қаламызда жаяу жүргіншілірге арналған ыңғайлы көше жоқ.
– Мұндай қалада қалай тұруға болады. Көшелер суға толған. Бір жағынан қатты жылдамдықпен өтіп бара жатқан автокөліктер су шашып кетеді. Мұндай жағдай бәрін алаңдатып отыр.  

Ал Мир көшесінің тұрғындары мұндай қолайсыз жағдайларға жыл сайын тап болады. Жаңбыр жауса болғаны, көше ми батпаққа айналып, аяқ алып жүру қиынға соғады. Бұл маңның тұрындары жаңбырлы күндері бір аттам жердегі дүкенге кіру де машақат дейді.

Мәмбет Мұқанов, «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас инженері:
– 400 текше жерге сіңді дегеннің өзінде 800 текше метрі ашық арықтар арқылы құбырларға жиналуда. “Рустем” деген ЖШС жүргізген жұмыстар дұрыс болмағандықтан жер үйлер суға толған.  

3 күннің ішінде түскен 12 шағымның барлығын коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері қанағаттандырғанын айтып отыр. Бірақ жауын жексенбіге дейін толастамайды дейді синоптиктер.

 Гүлбану Ахметова