Мәдениет

Астана – мәдениеттің жаңа ошағы


Анатолий Бургаевтың шығармалары сан алуан тақырыпты қамтиды. Көбіне ол туындыларына тарихи оқиғалар, петроглифтердегі таңбалар мен аңыз-әңгімелерді арқау еткен. Биыл сәуір айында әсем қала Астанада өткен көрмеде ол өзінің 60-қа жуық еңбектерін таныстырыпты.

Анатолий Бургаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
Мен тарих тамырына терең бойлағанды ұнатамын. Сол себепті менің алғашқы алған әсерім, бұл қаланы ерекше бір аспан күштері қорғап тұрғандай болып көрінді. Астанадағы бір сәулет өнерінен көрген белгілерді кейіннен қағаз бетіне түсірдім.

Қылқалам шеберінің “Жауынгер – Алтын адам”, “Көшпендінің күні”, “Бабалар рухы” деген тамаша   туындылары қалың көпшілік назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болған. Анатолий Бургаев Астанадағы ғимараттардың архитектурасында ерекше сыр бар дейді. Өйткені онда азиялық және европалық   өнердің белгілері тоғысып жатқанын көруге болады.  Суретші үшін мұны аңғару қиын емес дейді.

Анатолий Бургаев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері:
– Бірден жаңа қала тұрғызу мүмкін емес екенін түсінемін.
Астананың күннен-күнге тірі ағза сияқты дамып келе жатқаны сезіледі. Ол әрине әзірге жас қала. Алайда уақыт өте келе ол ерекше бір үлгіге, шедеврге айналады деп ойлаймын. Орталық Азияның кіндігіндегі көрікті орындардың бірі болады деп сенемін.

Астана – мәдениеттің жаңа ошағы қалыптасып келе жатқан мекен. Оның алдағы уақытта жан-жақты қалыптасып, қайталанбас ордаға айналуына әркім өзінше үлес қосу керек дейді суретші.

 

Әспет Әбдірешова