Қоғам

Татулық отбасынан басталады


 

 Отау иесі 20 жыл бұрын Инна есімді орыс қызын кездестіріп, жанұя құрады. Қазақ жерінде 2 ұл, 2 қыз өсіреді. Қазір үлкен ұлы Антон әке жолын қуған кәсіпкер. Ол литва қызы Марияға үйленіпті.
Сафаряндар шаңырағын нағыз интернационалдық отбасы деуге болады. Ал олардың татулығына қарап сүйсінесің.

Инна Сафарян:

– Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанда көп нәрсені үйрену қажет. Армяндар үлкенді сыйлауға баса мән береді. Мен туған-туысқандардың барлығын сыйлаймын. Үйімнен қонақ кетпейді. Әрі өзімнің ісім бар. Соның барлығына жүгіріп жүріп үлгеремін.

Инна -үйдің ұйытқысы. Қайын енесімен де тату, келінімен де құрбылар сияқты. Мария осындай жүздері жадыраңқы, көңілдері ашық отбасына келін болып түскеніне қуанышты.

Мария Сафарян:

– Мамам екеуміз бірден тіл таптық. Мен бақыттымын. Бәрін де жақсы көремін. Жолдасымның ата-анасы өзімнің туған әке-шешемдей болып кетті.

Қандай болсын мереке Сафаряндар үшін ортақ мейрам. Дастарханға, армян, орыс халқының ұлттық тағамдары және қазақтың  еті мен бауырсағы да қойылады екен.

Инна Сафарян:

 – Мен хошлама, долма, кәуапты дәмді қылып әзірлеймін. Келінім Мария бесбармақты тамаша жасайды.

Сафаряндарды әуелден Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштық қызықтырыпты. Қазір 5 ағайынды Петропавлда тұрып жатыр. Енді аналары Маргарита Степановна да Қазақстан азаматтығын алмақшы.

Маргарита Сафарян:

– Армяндар мен қазақ халқында бір ұқсастық бар. Біз үлкенді сыйлаймыз, кішіге қамқормыз. Қазақтардың арасында келгеніме ырзамын. Өйткені, мұнда достық бар. Өзге ұлт өкілдері бір-бірін сыйлайды.

Инна мен Вардгес Араратовичтің жарастығы өзгеге үлгі. Олар үйлесімді отбасын құрғың келсе, шыдамдылық пен түсіністік таныту керек, сонда ғана береке мен бірлік болады дейді.

Данаш Хамзина