Ауыл шаруашылығы

«Сыбаға» бағдарламасының көмегімен мал басы көбеюде

 

 

“Щеглова” шаруа қожалығы осыдан 6 жыл бұрын құрылған болатын. Бастапқыда егіншілікті кәсіп еткен шаруашылықта  өткен жылдан бері мал өсіру қолға алыныпты. Асыл тұқымды ірі қараның басын көбейту «Сыбаға» бағдарламасының аясында мүмкін болып отыр. Шаруа қожалығы 505 қазақтың ақ бас сиырын өсіруде. Негізінен етті бағыттағы.

Олег Кузовлев, «Щеглова» ШҚ зоотехнигы:
– Өткен жылы «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ-нан 62 млн және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ 18 млн теңге көлеміндегі несие алдық. Қазіргі таңда 378 сиыр мен 8 бұқа бар. 10 млн теңгені қоршаулар орнатып, кешендегі жағдайды жасақтартуға жұмсадық.

Ірі қараның күйінің жақсы, тұратын орнының жайлы болуын қадағалайтын арнайы мамандар бар. Оларды бағып-қағумен 6 адам айналысады. Ирина Угодникова шаруа қожалығы құрылғаннан бері жұмыс істейді. Сондықтан өз ісін жақсы біледі. Ол 3 күн бұрын туған бұзауға «Белка» деген ат беріпті. Оны тамақтандырып, күтуге бар уақытын арнайды екен.

Ирина Угодникова, «Щеглова» ШҚ жұмысшысы:
– Ақбас сиырлардың өз ерекшеліктері бар. Бұзау салмақты тез жинайды. Оларды бағу өзіме ұнайды. Жалақым да көңілімнен шығады.

Сондай-ақ шаруа қожалығы жылқы, қой және шошқа өсірумен де айналысады екен. Сондықтан қысқы жем-азық әзірлеу жұмыстары қыза түскен. Қазірдің өзінде шөптің 1000 тоннасы дайын.

Инеш Шоқақова