Қоғам

Ұстаздар туған өлке географиясын оқыту мәселелерін талқылауда

 

 

 

Елімізде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжалғас Есназарованың бастамасымен географиядан “Атаулы мектеп” құрылған болатын. Биыл бұл қоғамдық ұйымға 20 жыл толды. Ал біздің өңірде оның филиалы 2001 жылы ашылған екен.
Ғылыми-әдістемелік семинар облысымызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Оған еліміздің атаулы мектепке мүше білім ордаларының 30-ға жуық география пәнінің мұғалімдері қатысты.

Ұлжалғас Есназарова, географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
Мен Алматы қаласындағы мектепте география пәнінен сабақ беріп жүргеніме 25 жыл болды. Сол уақыт аралығында оқушыларға экологиялық білім беру тақырыбында кандидаттығымды қорғадым. Біздің мектеп шығармашылықпен айналысатын мұғалімдермен жұмыс істейді. Жылына екі рет ұйымдастырып тұрамыз.

Семинар барысында ұстаздардың тәжірибе алмасуына жағдай жасап, еліміздің географиялық картасын жастарға үйретудің тиімді жолдарын қарастырамыз дейді ұйымдастырушылар.

Нұрикамал Жұмабаева, СҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері:
уған өлкеміздің мәселелерін қарауға келіп отыр. Және бүгінгі семинар Солтүстік Қазақстанның мектептеріне арналған. Мұғалімдер өздерінің проблемаларын айтып, шығармашылық топта қалай жұмыстар істеуге болатынын біледі.  

Басқосуға Астана қаласының №15 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Гүлзада Бердиярова да қатысуда. Ол мұндай семинар ұстаздардың жеткен жетістіктерімен бөлісуіне, аймақтардың жағрапиясымен молынан танысуға мүмкіндік береді дейді.

Гүлзада Бердиярова, №15 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі:
Туған елдің табиғатын толық білген бала өз елінің нағыз азаматы болып өседі. Біздің халқымыз ғасырлар бойы табиғатпен тілдескен халық. Біз әлемнің 9-шы  мекеніміз. Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз өте мол.

“Атаулы мектептің” мүшесі Надира Қаландарова ОҚО қарасты Созақ ауылындағы Алишер Науаи атындағы өзбек жалпы орта мектебінде Қазақстанның географиясын оқытып келеді. Ұстаз қазақ географиясын өзбек тіліне аударып, әдістемелік материалдар құрастырып жүр.

Надира Қаландарова, Алишер Науаи атындағы өзбек жалпы орта мектебінің мұғалімі, ОҚО:
Мен 10 жылдан бері атаулы мектепке мүшемін. Мен өзбек балаларына патриоттық тәрбие беремін.Біздің мақсатымыз балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Есназарованың 8 сыныпқа арналған кітабын өзбек тіліне аударып, оңтүстік облыстағы мектептерге таратып бердім.  

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар үш күнге жалғаспақ.

Гүлбану Ахметова