Энергетика

Ұрылар трансформаторлық шағын стансаларды торуылдауда

 

 

Облыс орталығындағы шағын стансалардың тежегіш жабдықтарының қолды болуы алғаш емес. Наурыз айында облыстық перинаталдық орталық пен 4-ші қалалық емхана электр жарығынсыз қалған болатын. Соңғы 1 аптаның өзінде 3 шағын стансадан тағы 10-нан астам құрал жоғалып отыр. Бұл тежегіш жабдықтард сатып,мол пайдаға кенелу мүмкін емес дейді мамандар. Ал құрылғы электр желісін қалыпты ұстап, апаттарды болдырмау үшін құнды. Негізінен аталмыш зат түн мезгілінде, ешбір қауіпсіздік ережелерін сақтамастан ұрланатын көрінеді. Сондықтан энергетиктер тұрғындарды да бұл жайтқа бейжай қарамауға шақырады.

Виталий Фесько, «СҚ таратушы желілік компания» АҚ бас инженері:
– Трансформаторлық шағын стансадан тежегіш жабдықтар қолды етілсе, сол ауданның тұрғындары 4-6 сағатқа дейін электр жарығынсыз отыруға мәжбүр болады.
Облыс орталығы тұрғындарының көмегімен мұндай бұзақылыққа барғандарды анықтаймыз деп үміттенеміз.

Трансформаторлық шағын стансалардың есігін бөгде адамдардың ашқанын немесе өзге де күдікті жайтты аңғарған тұрғындар 41-36-04 немесе 154 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Инеш Шоқақова