Қоғам

Қала күніне арналған көрме


 

Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Әулие Петр  бекінісін салу туралы шешім 1752 жылы шықты. 26 наурызда құрылыс басталып кетті.

Галина Мигович, СҚО мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары:
– Бекіністі Француз сәулетшісі салған. Сол кездері күн суып, жұқпалы аурулар тарай бастапты. Сөйтіп, қыркүйек айында қамалдың құрылысы жалғасқан. Ал 1755 жылы Әулие Петр  бекінісінің құрылысы аяқталады. Бірақ мұнда 3 жыл салынды дегенмен, кей деректерде көп жылдарға созылды делінген.  

Қорғаннның ішінде 1785 жылы шіркеу, жертөле, әскери аурухана және казарма, қазыналық үй бой кетерген. Ал биыл осы қамалға 260 жыл толып отыр.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Әулие Петр  бекінісінің макеті қойылған. Онда бөрене қабырғалар, мұнарасы бар қақпа, штаб және офицерлер үйі, 10 казарма, дәрі қоймасы мен 120 жылқыға арналған ат қорасы көрсетілген.   

Татьяна Ланьщикова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихи-экспозиция бөлімінің меңгерушісі:
-Алдарыңызда тұрған Әулие Петр бекінісінің макетін 1976 жылы Самғат Ярулин жасаған, содан бері бұл құнды жәдігер біздің мұражайымызда сақтаулы.

Петропавлдықтар Әулие Петр бекінісінің 260 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмені маусымның аяғына дейін тамашалай алады.

Гүлбану Ахметова