Спорт

Президенттік көпсайыс жалғасуда



 

Жасөспірімдер спорттың ұзындыққа секіру, жүгіру, кросс, нысанаға ату және жеңіл атлетикадан өзара мықтыларды анықтап қойған. Ал бүгін спортшылар жүзуден сынға түсті.

Василий Кнышев, жазғы президенттік көпсайыстан ҚР бас жаттықтырушысы:

-Бүгінгі жүзу жарысынан кейін көшбастап келе жатқандардың қатары сирейді. Себебі  мұнда ұпайлар өте жоғары. Сондықтан жүзуде жоғары көрсеткішке жеткендер үштіктер құрамына кіруі мүмкін.
 
Суда өзін балықша сезінетін павлодарлық Рузанна Багдасарьян 50 метрлік қашықтықты 31,83 секундта бағындырған. Ал маңғыстаулық Мария Новосадова бұл арақашықтықты 40,42 секунда жүзіп өтіп, жақсы көрсеткішке қол жеткізе алмады. Дегенмен, үздіктер қатарынан көрінуге үмітті. Ол жүгіру, ұзындыққа секіру және нысанаға ату бойынша биіктерден көріне білді.

Мария Новосадова, президенттік көпсайысқа қатысушы, Маңғыстау облысы:

– Көрсеткен нәтижелерім қанағаттанарлық. Өткен жылы қола медальға ие болғанмын, биыл алтыннан үміттімін. Алда Қазақстан құрамасына ену жоспарда тұр.

Ұлдар арасында Тайынша қаласының тумасы Аян Жақсылықов көшбасында келеді. Жалпы ұйымдастырушылар облыс спортшыларының бұл сында шоқтығы биік болғанын айтады.

Марат Әубәкіров, оқу-спорттық жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтың бас инспекторы:

-Президенттік көпсайыстағы 4 спорт түрі бойынша СҚО үштіктің басында келе жатыр. Екінші орында Қостанай облысы болса, Алматы облысы үздік үштікті тұйықтап тұр. Ертең – командалар үшін шешуші күн.

Республикалық 6-шы жазғы мектеп және колледж оқушылары арасындағы спартакиадасын қорытындылау сәті сенбі «Қарасай» стадионында өтеді.

Әсел Күшенғалиева