Спорт

Президенттік көпсайыс



 

«Қарасай» стадионы кезекті рет спортсүйер жастарды қарсы алды. Алғашқылардың бірі болып жеңіл атлеттер өз бақтарын сынауда.

Александр Мицих, ұлттық дәрежедегі төреші: 

 -Ағымдағы жылғы дода республикамыздың 9 облысынан 120 спортшының басын қосты. Олар спорттың 6 түрі бойынша: кросс, жүзу, нысанаға ату, жеңіл атлетика, ұзындыққа секіру, қысқа қашықтыққа жүгіруден сынға түсуде.  

Спартакиаданы ұйымдастырушылар жыл санап спортқа ден қоюшылардың саны артып келетінін айтады. Вячеслав Макушенко Қостанай қаласының намысын қорғауда. Ол – бірнеше республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүрген жас атлет.

 Вячеслав Макушенко, президенттік көпсайысқа қатысушы, Қостанай қаласы:

– Әлем чемпионатында көрсеткен жетістіктерім көңіл көншітерліктей болған жоқ. Онда 10-шы орында тұрақтағанмын. Десе де, оқушылар арасындағы спартакиадада тағы бір бағымды сынап көрмекпін. Биыл дайындық та жақсы деңгейде өтті. Әйтсе де, қарсыластар да осал емес.

Жерлестерміз де бұл жарысқа аса үлкен дайындықпен келген. Аян Жақсылықов – оқу мен спортты ұштастыра білген жасөспірім. Бүгін ол үлкен өмірге аяқ басқалы тұр.

Аян Жақсылықов, президенттік көпсайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

-Түркияда өткен әлем чемпионатында қола медальді иеленгенмін, ал мына сында жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Мен үшін бұл күн – ерекше. Бүгін облысымыздың намысын қолдан жібермей додаға қатысып та, мектепте аттестат та алып үлгеруім керек. Сонымен қатар ертеңгі сынға дайындалуым қажет.  

Алда спортшылар жүзу және нысанаға ату сындары бойынша бақтарын сынамақ. Осы күнгі жалпыкомандалық есепте 1-ші орында Шымкент қаласы, 2-ші орында алматылықтар болса, олардан кейін Шығыс Қазақстан облысы. Ал жерлестерміз 4-ші сатыда тұр.

Әсел Күшенғалиева