Спорт

Стритбол сайысы

Стритбол – ережесі баскетболға ұқсас көше ойыны. Көше баскетболының уақыты 20 минут немесе шеңберге салынған 16 ұпаймен өлшенеді. Қызықты дода ұйымдастыру үшін 1 шеңбер мен 3 стритболшы жеткілікті. Бүгінгі жарыс 15 жастағы 80 спортшының басын қосып отыр. Жарысқа қатысушылар ширақ ойын көрсетіп, жеңіске жетеміз деген сенімде.

– Мен жылда осындай жарыстарға қатысып тұрамын. Қарсыластарымыз жақсы дайындықпен келген. Дегенмен, жеңісті қолдан жібермеуге тырысамыз.
– Стритболмен 2 ай көлемінде айналысып жүрмін. Қазіргі кезде «Мұрагер» аула клубында шынығудамын. Алдағы ойында жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын.

Шынықсаң шымыр боласың демекші, бұқаралық спорттан қыздар да қалысар емес, додаға 8 команда қатысуда. Мәдина Арқаева бұл ойынмен жарты жылға жуық  айналысып жүр. Оның командасы соңғы матчта жоғары нәтиже көрсетіп, үздік команда атанды.

 Мәдина Арқаева, жарысқа қатысушы:

– Алғашында ойын мен үшін қиынға түсті. Кейін қарсыластарымның осал тұстарын бақылап, меңгеріп алғаннан соң шабуылдай бастадым.

Жылдан-жылға стритболға қызығушылық танытушылардың қатары артып, ойынның сапасы да жақсарып келеді дейді жаттықтырушы.

Павел Антоненко, стритбол ойынының бас төрешісі:

 – Аула клубтары арасында стритболдан жарыс жылда өткізіліп тұрады. Ойынның өз фавориттері мен аутсайдерлері бар. Фаворит командалар ойын барысында бірден көзге түседі. Себебі оларды  аула клубтары базасында баскетболдан жаттықтырушылар шынықтырады.

Аула клубтары арасындағы олимпиадада стритбол 5-ші ойын түрі. Шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен жүйріктер анықталған. Алда спортшылар жеңіл атлетика мен футболдан сынға түспек.

Әсел Күшенғалиева