Бизнес және экономика

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы қарқын алып келеді

Ауылдағы кәсіпкерлерге демеу жасау, әлеуметтік қолдау көрсету, елді мекендерді дамыту. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы осыған бағытталып отыр. Біздің өңірімізде ауқымды жобаның 4 бағыты да іске асырылуда. Алғашқысы бойынша қазіргі таңда 396 адам кәсіби оқытудан өткен. 968 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тұрды.

Руслан Нұрмұханбетов, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
– 2012 жылы 7 кәсіптік лицей мен 6 колледжде 396 адам оқытылмақ. 54 жерлесіміз кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары 22 мамандық бойынша өткізілуде.  

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша биыл 166 үйдің құрылысы жоспарланған. Ал елді мекендерді дамытуға байланысты 29 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл үшін республикалық бюджеттен 460,462 млн теңге қаражат бөлініпті. Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы пилоттық жоба ретінде іске қосылған болатын. Ал биыл аталмыш бағдарламаға бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп отыр.

Асқар Сақыпкереев, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы:
-Жастар практикасы енді осы бағдарламаға енетін болды. Бұрын ол «Бизнестің жол картасы» бағдарламасында болатын. Биыл ол бойынша 703 адам жұмыс істейді.  Несие беру бойынша моноқалалардың тұрғындары кредит ала алады.  

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының жемісті жүзеге асырылуы барлық мемлекеттік органдардың жұмысына тікелей байланысты. Ал оның барысы «Нұр Отан» ХДП үнемі бақылауында дейді Қайрат Пішенбаев.

Қайрат Пішенбаев, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– 2016 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,5 млн адамды қамту көзделіп отыр. Оны жүзеге асыру кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал жасайды. Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы «Нұр Отан» ХДП басты назарында.  

Сондай-ақ бұл күні жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қалалық жұмыспен қамту орталықтарының мамандары түрлі сауалдар бойынша азаматтарды қабылдады.

Инеш Шоқақова