Мәдениет

“Мемлекеттік тіл – менің тілім”

 

 

 

“Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты облыстық байқауға бұл жолы Петропавл, Көкшетау, Қостанай қалаларының әскери бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда. Қазылар алқасы әскерилердің қазақ тілінде еркін сөйлеуіне және шешендігіне сондай-ақ сахнада өзін ұстау шеберлігіне көңіл бөлді. 6697 әскери бөлімінің 3-атқыштар ротасының әскери қызметшісі Валерий Гуцан да өз бағын сынауда. Ол қазақ тілін балалық шақтан үйренгенін айтады.

Валерий Гуцан, 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, Қостанай облысы:
– Бұл байқауға бір жұма дайындалдық. Тілек айту, өзімізді таныстырамыз. Қазақ тілін мектепте, әскери бөлімшелерімізде оқып жатырмын. Тілді білу -міндетіміз.  

“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”. Ендеше өзге ұлттардың арасында осындай сайыстардың ұйымдастырылуы орынды. Сайысқа осыған дейін ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Солтүстік құрамасындағы іріктеу сынынан өткен 3 әскери қызметкер қатысуда. Олардың барлығы бірінші орыннан үмітті.

Мемлекеттің тілдің қолдану аясын кеңейту – күрделі мәселе. Біздің елімізде 130 -дан астам өзге ұлт өкілдері тұратыны белгілі. Мұндай сайыстардың, оларға берері пайдасы көп дейді ұйымдастырушылар.

Ботагөз Ырыспаева, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті басқармасының аға офицері:
Мемлекеттік тілді грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жаттатумен шектелмей, мәдени жұмыстармен тығыз байланыста үйрететін болсақ,  жұмысымыз жемісті болады. 6637 бөлімшесінің аясында өткізілуде. Осы әскери бөлімге бағынышты бөлімшілер келіп отыр.  

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Үздік деп танылған сайыскер Орал қаласында өтетін байқаудың 3-ші кезеңіне жолдама алмақ.

Гүлбану Ахметова