Қайырымдылық

“Даму-көмек” бағдарламасы


 

Олег Кандриков жастайынан түрлі техниканың тілін еркін тапқан. Кезінде телеарнада оператор болып қызмет етіпті. Алайда осыдан 2 жыл бұрын денсаулығы сыр берген. Содан бері 3-ші топтағы мүгедек файлдар мен видеоларды монтаждап, өзінің жеке ісін ашуды армандайды. Бұл  «Даму-көмек» бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр.

Әлия Айтығұлова, « Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры СҚО аймақтық филиалының менеджері:
2010 жылдан бастап «Даму-көмек» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 17 кәсіпкерге көмек көрсетілді. www.damu-komek.kz сайтында көмек қажет және көмектесе аламын деген 2 бөлім бар. Барлық өтініштер сонда тіркеледі.  

Олег Кандриковтың арманын естіген « Tema Supplier” ЖШС директоры Николай Родионов бірден қол ұшын созуға асығыпты. Демеушіге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры СҚО аймақтық филиалының атынан алғыс хат табысталды. Енді бұл компьютердің жұмыссыз, бос тұрмайтындығы анық. Отбасындағы 5 бала да жаңа техникаға қызығушылық танытуда. Әкелері жақын арада оларды да монтаж жасау мен сәтті кадрлар таңдау шеберлігіне үйретемін дейді.

Олег Кандриков:
 Мен халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Видео және фото түсірілімдер мен жарнамалық роликтер әзірлемекпін. Көмек көрсеткен жандарға зор алғысымды білдіремін.  

2010 жылдан бастап «Даму-көмек» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден 24 өтініш түсіпті.

Инеш Шоқақова