Қоғам

Қала күніне әзірлік



 

Қала күні көңілді әрі қызықты тойлануы тиіс. Қалалық ұйымдастыру комитеті мерекенің ойдағыдай өтетініне сенімді. Жоспар бойынша әрбір жерде спорттық, мәдени және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Қала күні 2005 жылы бекітілгендей шілде айының екінші жексенбісі аталып өтеді.

Асқар Хабибулин, қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы:
-Мәслихат депутаттары қала күнін шілденің екінші жексенбісі, яғни 8-і атап өту туралы шешім қабылдады. Қазір дайындық жүруде.

Қала мерекесінің жексенбі күні өтетіні облыстық Ассамблея кеңесінің мүшелерін де қуантты.

– Ең бастысы бұл күні демалыс болады. Депутаттардың осындай шешім жасауы тегін емес. Тұрғындардың мерекеде жұмыста отырмай, еркін қыдыруына жағдай жасалғаны дұрыс.
 – Бұл мерекеге ассамблея өкілдері де белсенді атсалысады. Отбасымызбен шығып демаламыз. Барлығы ойдағыдай көңілді өтетініне сенімдімін.

Сондай-ақ, шілденің 12-сі православтықтардың Крест шеруі өтеді.

Данаш Хамзина