Қоғам

Жас спортшылар Астанаға қонаққа барып келді


 

Спорт саласында өздерін жақсы қырынан көрсеткен балалар  әсем елорданың көрікті жерлері мен спорт кешендері, демалыс орындарында болған. Бұл сапарға барғандардың жолы мен жүріп-тұруы тегін өткен. 3 күнге жалғасқан сапардан балалардың алған әсері де жақсы.

Арлен Хамит,  №5 Тайынша орта мектебінің оқушысы, Тайынша ауданы:
Барғанымызға өте ризамыз. Онда бізді жақсы қарсы алды. Әр түрлі жерлерде болдық. Спорт кешендерін алатын болсақ, велотрек, «Астана арена», «Алау» деген жерлерді көрдік. Астанамыз өте үлкен екен.   

Жеткіншектер бұл экскурсияға облыстық дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана – менің елордам» деген жобаның аясында барып қатысқан.

Есілбай Омаров, балалар және жасөспірімдер спорт мектептері  оқу-әдістемелік орталығының әдіскері:
Бұл жобаға қатысқан балалар спорт мектептерінің оқушылары. Жақсы деген нәтижелер көрсеткен, сол оқушыларды біз Астана қаласына экскурсияға апардық. 13 бала ауданнан, қалғандары қала балалары.

Барлығы бұл саяхатқа аудандра және қала спорт мектептерінен 22 бала барған. Жоба аясында келесі топ шілде айының соңында Астанаға аттанбақ.

Әспет Әбдірешова