Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҮИИД бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы

Елімізде индустрияландыру бағытында орасан зор жұмыстар тындырылуда. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы- соның дәлелі. Біздің облысымыздың өзінде 42 млрд теңгеден астам сомаға бағаланған 30 жоба іске асырылуда. Оның аясында 4000 жұмыс орнын ашу көзделген.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– СҚО – аграрлық өңірлердің бірі. Елбасы бұл саланы дамыту бағытында алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Оны іске асыру бойынша облысымызда бірқатар шаралар атқарылуда.  

Ашық алаңда орналасқан  киіз үйлерде аймағымыздың жетістіктері паш етілді. «Солтүстік Қазақстанда жасалған» атты көрмеде өңірдегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, машина жасау, құрылыс, тамақ және қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың төл өнімдері сөрелерге қойылды. Сондай-ақ «Солтүстік» ӘКК да өзінің жобаларымен таныстырды. Облыс әкімі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 2 млрд теңге сомасындағы инвестициялық жобалар іске қосылмақ. Биыл барлығы 7 млрд теңгеге бағаланған 6 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспарды іске асыруға үлкен көңіл бөлінуде.

Өңір жетекшісі өндіріс ошақтарында  үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. 4 күннен соң «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС полиэтилен құбырлар жасау цехында бірден 4 жаңа желі іске қосылмақ. Жобаның жалпы құны – 421 млн теңге.

Александр Кондратов, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС бас директоры:
– Бұл желілердегі тың технологиялар электр энергиясының шығындалуын 25 пайызға азайтады. Еңбек өнімділігін 50 пайызға арттырады. Бұл өте
тиімді.  

Индустрияландыру күні аясында «Мұнаймаш» АҚ зауытында өңіріміздің өнеркәсіп мекемелері мен кәсіптік білім беру ошақтары арасында өзара серіктестік жайлы келісімге қол қойылды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Қазіргі уақытта өңірімізде техникалық және кәсіптік  білім беретін 32 оқу орны бар. Олар 100-ден астам мамандық бойынша түлектерді дайындайды. Дегенмен білім ошақтарының еңбек нарығымен жүргізетін жұмысы жеткіліксіз. Сондықтан білікті кадрлар әзірлеуге ерекше көңіл бөлу керек.

Құжаттарға қол қойылғаннан кейін облыс әкімі зауыттың жаңа цехын аралады. Өндіріс 3 шілде күні іске қосылмақ. Қазірде мұнай ұңғымасы сорғыштарын әзірлеуге арналған 12 жоғарыөнімді құрылғылардың тең жартысы жеткізіліпті. Жобаның құны 1,5 млрд теңге.

Сергей Григоренко,  «Мұнаймаш» АҚ басқарма төрағасы:
– Біз машинажасаушы кәсіпорындар арасында «Өндіріс -2020» бағдарламасы бойынша бірінші болып жұмыс істей бастадық. Жаңа құрылғы еңбек өнімділігін 2 есеге арттырады. Сонымен қатар өнімдегі қазақстандық мазмұнның үлесі 70-80 пайызға көбеймек.

Бұдан соң Серік Біләлов  № 2  Петропавл жылу- энергия орталығына соқты. Индустрияландыру күні аясында кәсіпорында тағы бір келісімге қол қойылды. Бұл жолы «Петропавл жылу желілері» мен «Петропавл құрылыс материалдары» ЖШС арасында. Мұнда өңір жетекшісі орталықты жаңғырту бағдарламасымен таныс болды. Қазандық цехында №6 қазандық агрегаты мен №4 бу турбинасының жұмысы көрсетілді. Соңғысының құрылысы ақпан айында басталыпты. 1 шілде күні қолданысқа берілмек.

Игорь Татаров, «СевКазЭнерго» АҚ басқарма төрағасы:
– 2-ші Петропавл жылу- энергия орталығы қысқа дайындықты жоспарға сай жүргізуде. Инвестициялық бағдарлама толықтай орындалды. Көмір қоры -145 мың тонна. Сондай-ақ энергия үнемдеу жүйесі бойынша да іс-шаралар қолға алынған.  

«Сұлтан – кондитер өнімдері» АҚ – облыс әкімі ат басын бұрған соңғы нысан. Кәсіпорын ел нарығына 1998 жылдан бастап шыққан.

Атилла Аялп, «Сұлтан-кондитер өнімдері» АҚ бас директоры:
– Қазіргі таңда жылына 8 мың 160 келі печенье шығарамыз.  Вафли 3 мың 600 келі. Жылдан-жылға өндіріс қарқыны артып келеді.  

Макарон өнімдерін шығаруға арналған жаңа итальяндық құрылғыны  мамандар өткен жылдың қазан айында құрастыра бастапты.

Андрей Кабардинский, «IBF» компаниясының қызметкері:
– Мына желі айына 35 тоннаға жуық дайын өнім шығарады. Сондай-ақ бесбармақ қамырын да дайындайды. Бәрі автоматтандырылған. Бір-ақ оператор жұмыс істейді.

Сондай-ақ кәсіпорын жаз соңына дейін вафли өндірісінің жаңа желісін іске қоспақ.

Инеш Шоқақова