Спорт

“Майский салют ” аяқталды

 

 

 Аула клубтары арасындағы кезекті шағын футбол жарысына барлығы 26 команда қатысты. Турнир бойы өздерін жақсы көрсеткен командалардың бірі – «Қайсар». Олар бұл додада бірінші орынға ие болған.

Аслан Шайкенов, «Қайсар» командасының капитаны:
– Мен «Қайсар» командасының капитанымын. Бүгін бір ойында үш гол соқтым. Негізінен біздің қарсыласымыз   «ЦСК» командасы болатын. Барлық командаларға сәттілік, өзімізге жеңіс тілеймін.

Жалпы бұл жыл басынан бері өткізіліп отырған жетінші турнир. Осындай жарыстарға қатысу арқылы уақытын тиімді өткізіп жүргендердің бірі – Темірхан Садриев.

 Темірхан Садриев, сайысқа қатысушы:
– Менің футболмен айналысып жүргеніме екі жылдан асты. «Реал» командасы үшін ойнаймын. Біздің командамызда алты адам ойнайды, одан бөлек 3 қосалқы ойыншымыз бар.  

«Майский салют» деп аталатын бұл турнир сәуірдің 29-ы бастау алған. Бір жарым айға жуық созылған жарыс барысында кіші топтағы командалар арасында – «Барыс», орта топта  – «Қайсар», ал ересек балалар арасынада  «Сити» құрамасы бірінші орынды иеленген. Келесі жарыс маусымның 24-і мен шілденің 20-сы аралығына жоспарланып отыр.

Әспет Әбдірешова