Қоғам

Лама Шариф Бескөлде имамдармен кездесті

 

Қызылжар аудандық мешіті 2007 жылы 19 желтоқсанда қолданысқа берілген. Ғимарат 280 адамға шақталған. Мұнда 7 адам қызмет етеді. Алла үйінде медіресе жұмыс істейді. Мұнда шәкірттер Құран кәрімді оқып, араб тілінен сабақ алады. ҚР Дін істері агенттігінің төрағасымен өткен жиында мешіт қызметкерлері бірқатар мәселелерді көтерді. Оның ішінде абақтыда отырған жазасын өтеушілерді рухани азықтандыру, имамдарды баспанамен қамтамасыз ету, жастарды имандылыққа баулуға үлкен мән берілді.

Қайрат Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:

– Осы мешітті 1 жыл ұстау үшін бюджеттен қанша кетеді, жарығы бар, көмірі, суы, қызметкерлердің жалақасы бар дегендей. Қазақстанда 2 жарым мың мешіт бар. Оның мың жарымы сіздердікі сияқты 0 бюджет. Осы мешітті ұстап тұру үшін қанша керек?

Мұрат Нәбиұлы Әміржанов, Қызылжар аудандық мешітінің бас имамы:
-Бізде көбіне өзіміздің жұмысшылар керек- жарақты әкеледі. Солай жасаймыз. Ақшалай ала қоймаймыз. Өткені мына кісінің өзінің құрылыс фирмасы бар, осы кісі көмек береді. Жалақысын да өзі төлейді.

Қызылжар ауданындағы Ольшанка селосында жазасын өтеушілердің 10-ға жуығы намаз оқиды екен. Аудандық мешіттің бас имамы оларға уағыз айттып, кітап, газеттер апарып тұрамыз дейді. Қайрат Лама Шариф Есіл аудандық мешітінің бас имамы Имам Одинамахмудұлынан да осы жайды сұрастырды.

Имам Одинамахмудұлы Мырзаев, Есіл аудандық мешітінің имамы:
– Біздің мешітте шағын намазхана бар, онда 12 жазасын өтеуші 5 уақыт намаз оқиды.

Қайрат Лама Шариф, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы:
– Үйіңізде дайындалып, сол адамға жихат деген осындай, құранда ол бұлай айтылған деп түсіндіруіңіз керек. Сіздің сөзіңіз өтпесе, ақсақалмен барыңыз. Ол қаракөз баласы, ол да шығады 5 жылдан кейін түрмеден. Қандай мақсатпен шығады. Ойында не болады. Олармен жұмыс істей білу керек.  

Қайрат Лама Шариф жиында қаралған мәселелер жақында жоспарланып отырған республикалық басқосуда тағы көтерілетінін айтты.

Гүлбану Ахметова