Қоғам

Соғыс және еңбек ардагері Сергей Пресняковтың мерейтойы

 

 

 

Ұлы Отан соғысының 1-ші дәрежелі, Еңбек Қызыл ту, 4 «Құрмет белгісі» ордендері, ҚР Құрмет грамотасы. Бұл Сергей Пресняковтың 60 жылдық еңбегінің марапаты. РФ Самара облысының тумасы өңірімізге осыдан 80 жыл бұрын көшіп келген екен. Өз еңбек жолын 1939 жылы Омбы теміржолы Петропавл стансасында экономист болып бастапты. Дәл осы жылдары сұрапыл соғыс басталып, Сергей Пресняков батыс, солтүстік-батыс майдандары мен Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Сергей Пресняков 1944 жылдан бері партиялық және комсомолдық қызметпен айналысты. 1957 жылы партияның Көкшетау облыстық комитеті үгіт-насихат бөлімінің, кейін СҚО комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мерейтой иесінің облысымыздың дамып, өркендеуіне қосқан үлесі өлшеусіз.

Сергей Пресняков зейнет демалысына шықса да, қоғамдық жұмыстардан шет қалмаған. Петропавл педагогика институтында өлкетану пәні бойынша дәріс оқыған. Облыс әкімі мерейтой иесінің аймақтың дамуына қосқан үлесінің зор екендігін атап өтіп, құнды сыйлықтар тарту етті. Тарихшы, өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, отставкадағы полковник. Осындай түрлі салаларда ізденіп, еңбек еткен адамның өмірлік жолында әріптестері мен достарының көп болғандығы анық. Бүгін олардың  көбі мерейтой иесін құттықтауға жиылды. Мерейтой иесіне өздерінің жылы лебіздерін білдіруге асыққандар аз болмады. Сергей Пресняков қуанышын бөлісуге жиылған құрдастарына өз алғысын жеткізді.

Сергей Пресняков,  ҰОС ардагері:
Мен өзімнің өмірлік жолымда ісін жетік білетін, жауапты мамандармен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Олардың кейбірімен әлі күнге дейін тығыз қарым-қатынастамыз. Бүгін осы залға келіп қуанышымды бөліскендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

90 жасқа келген қария алдағы уақытқа ауқымды жоспарлар құрып отыр.

Инеш Шоқақова