Денсаулық сақтау

Нейрохирургтер тәжірибе бөлісті

Мұндай отаға өңірімізде ондаған науқас мұқтаж. Операция 2 сағатқа жуық созылады. Ал әбден машықтанған дәрігерлер отаны 40-50 минутта жасап үлгеретін көрінеді. Астаналық дәрігерлер жергілікті әріптестерімен тәжірибе бөліспек. Кейін омыртқа арасындағы жарықты видеоэндоскопиялық жолмен алуға арналған оталарды солтүстікқазақстандық нейрохирургтер өздігінен жасайтын болады.

Рамиль Танкачеев, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының дәрігері:
-Науқасқа омыртқа остеохондрозы деген диагноз қойылып отыр. 4 және 5 омыртқалар арасында. Жүйкесіне зақым келтірген. Сондықтан науқастың қимылдауы қиынға соғып отыр. Қазір жүйкені босатуға тырысып жатырмыз. 

Аталмыш отаның ерекшеліктерімен таныс болу үшін облыстық аурухананың 2 дәрігері Түмен қаласында арнайы курстарға қатысып қайтқан болатын. Солардың бірі – Смаил Сатин. Бүгін ол аталмыш отаны нейрохирургия ғылыми орталығы маманының жетекшілігімен жасап көруде. Мұндай операциялардан соң науқас әдеттегіден әлдеқайда тез айығып кететін көрінеді.

Анатолий Волвенко, облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
– Мұндай оталар жасалса, науқас 3-5 күннен кейін амбулаторлық емделуге жіберіледі. Бұған дейін аталмыш үрдіс 1-2  аптаға созылатын. Дегенмен бұрынғы әдіс қолданыстан қалмайды.

Видеоэндоскопиялық оталарды жасау үшін аурухана 42 млн теңгеге эндоскопиялық кешен сатып алған болатын. Германдық құрылғылар операцияларды сапалы өткізуге жол ашады дейді дәрігерлер. Емдеу мекемесі материалдық-техникалық базасын одан әрі толықтыруды жоспарлап отыр.

Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:
– Биыл хирургиялық бөлімшеге тағы да бір видеоэндоскопиялық кешен алмақпыз. Соның арқасында мұндай құрылғылармен толықтай жабдықталамыз. 5 эндохирургиялық кешеніміз бар. 

Жыл сайын аурухана жедел емдеудің тың әдістерін енгізуде.

Инеш Шоқақова