Спорт

Теннисшінің ел чемпионатындағы жеңісі



 

Елена Мазуренконың үстел теннисімен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан. Бала кезінен 3-топтағы мүгедек болғанына қарамастан, оның спортта бағындырған жетістіктері аз емес. Осы кезге дейін ол Қазақстанның 12 дүркін чемпионы атанған. Жуырда ғана өткен мүгедек спортшылар арасында ел чемпионатынан спортшы екі алтын мен бір қола медальді еншілеп қайтты.

Елена Мазуренко, үстел теннисінен спорт шебері:
Жарыс үш күнге жалғасты. Сайыс жұп, класс және абсолютті біріншілік деген түрлері бойынша өтті. Өзің тұратын жердің намысын қорғап, ол арқылы биіктерді бағындыру, жеңіспен оралу қуантады.

Елена сүйікті спортымен аптасына үш рет айналысады екен. Қазір ол кезекті жаттығу үстінде.
Үстел теннисімен әуестенушілердің бірі Таңат Ахметов Еленамен 10 жылға жуық таныс. Шапшаңдықты талап ететін бұл спорт түріне келгенде ол Елена Мазуренконың өте шебер әрі жылдам ойнайтындығын айтады.  

 Таңат Ахметов:
Ойыншы ретінде Елена өте тұрақты. Яғни допты түсірмей ойнайды. Сонымен қатар ол өз ісінің шебері әрі өте жақсы адам.

Елена кезекті жарыстарға дайындық үстінде. Ол күзде Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысуды жоспарлап отыр.

Әспет Әбдірешова