Көлік және жолдар

Қалада жолдар жөнделуде

 

 

 

Интернационал көшесінің Ойқала ауданына түсетін бөлігінде қайнаған жұмыс. «СУ- 808» серіктестігінің мықты деген техникасы осы жерге жұмылдырылған. Зауыттан 120 градуспен қызып келген құм,тас және битумның жерге төселген қосындысын 4 шетелдік каток тегістеп жүр. Интернационал көшесінің аумағы 54 мың шаршы метр. Мұнда барлығы 10 мың тонна асфальт төселген. Жөндеу жұмыстарын маусым айының соңында аяқтау жоспарланған. Мұндағы жұмыстарға 180 млн теңге бөлініпті. Оның әзірге 110 млн-ы игерілген екен.

Виктор Ли, «СУ-808» ЖШС директоры:

– Пржевальский көшесін аяқтадық, «Благоустройство Север» деген қосалқы мердігер С. Мұқанов атындағы көшені қалыпқа келтіруде. Кестеге сай үлгеріп жатырмыз. Жұмыс сапасы қатаң бақылауда.

1-ші Заречный мен Брусиловский көшелері жаңартылды. Теміржол вокзалы маңындағы жолдың да беткі қабаты ауыстырылыпты. Асфальттің қалыңдығы 5 см. Бұл орта жөндеу жұмысы деп аталады. Яғни, көше толығымен емес, оның тек көп мұқалған жерлері ғана жөнделуде.

Виктор Ли, «СУ-808» ЖШС директоры:

 – Біз сондай-ақ, қала шетіндегі аудандарда, мысалы Тері зауыты кентіндегі шұңқыр жерлерді қиыршық таспен толтырып, жол жиегіне бордюр орнатып жатырмыз.

Барлығы жол жөндеуге облыс бюджетінен 360 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Барлық жұмыстар шілденің соңына дейін аяқталады.

Данаш Хамзина