Спорт

«Қызылжар» өз алаңында тағы жеңіліп қалды

 

 

 

Жасыл алаңда «Қызылжар» құрамасы  семейлік «Спартакты» қабылдады. Бұған дейінгі ойындар қорытындысы бойынша Семей қаласының аяқ доп шеберлері турнир  кестесінде екінші орында тұрақтаған. Допты ойынға қосқан жергілікті аяқ доп шеберлері бірден тізгінді өз қолдарына алуға әрекет етті. Дегенмен  алаң иелерін тас қамалдай қарсы алған қонақтардың қорғанысы сыр бермеді. Ойынның алғашқы таймында жерлестеріміз қаншама рет қарсыластардың қақпасына шабуыл жасаса да, доп қақпа саңылауын таба алмады. Осылайша ойынның алғашқы таймында есеп ашылмады. Десе де, аяқ доп шеберлерін қолдауға келген жанкүйерлер келесі кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсетеді деген үмітте.

 -Жерлестіріміз жақсы ойнайды, дегенмен, әлі де болса шеберліктерін шыңдау керек.
– Біз «Қызылжарға» қолдау көрсетуге келдік. Келесі таймда олар гол соғады деп сенеміз.

Ойынның екінші таймы басталысымен қызылжарлықтар қарқындарын танытып-ақ еді, дегенмен, қызыл жейделілердің дайындығы басымырақ түсті. Ұтымды шабуылдардың нәтижесінде жерлестерміздің қақпасына жауапсыз екі бірдей гол соғылды. Оның екеуі де қақпаның кілтін таба білген семейлік 23 номерлі Алтынбек Даулетхановтың еншісінде.

Әсел Күшенғалиева