Бизнес және экономика

Индустрияландыру картасында – 30 жоба



 

Қазіргі таңда республикалық индустрияландыру картасына 707 жоба енген. Оның 500-ден астамы– аймақтық жобалар болатын. Енді ірі инфрақұрылымы бар, өндіріс қуаты мол және экспорттық әлеуеті жоғары 39 жоба іріктеліп алынып, республикалық картаға енді. Өзге жобалардың жүзеге асырылуы өңірлерге тапсырылып, облыс әкімдеріне жүктелді. Сондықтан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік органдарға маусымның 20-на дейін аймақтық карталарға аталмыш өзгерістерді енгізуді ұсынып отыр. Олар Үкімет басшысы тарапынан қолдау тапты. Біздің облысымызда бекітілген жобаларға өзгертулер енгізілген жоқ. Қазіргі уақытта өңірімізде индустрияландыру картасына 42 млрд теңге сомасындағы 30 жоба енген. Олар өндіріс, тау-кен және агроөнеркәсіп салаларын қамтымақ.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Қазіргі таңда жобалар құрастырылған. Олар толықтай аймақтық деңгейде орындалатын болады. Жұмыс кестеге сай жүргізілуі тиіс.

Облыс әкімі жобалардың жүзеге асырылуына барлық мемлекеттік органдардың жауапты екендігін атап өтті.

Инеш Шоқақова