ТКШ

ТКШ мәселелеріне арналған бейнеконференция



 

Қала бойынша биыл 12 шақырымнан аса су-кәріз желісі толық жөндеуден өтуі керек екен. 21 үйдің шатырын ауыстырып, мыңнан артық баспананы қысқа дайындау қажет. Міне, осындай қауырт кездерде тұрғындар мен кооператив төрағалары ортақ мәмілеге келе алмай жатады. Проблема бар. Мұндай мәселе тек бізде ғана емес Украина мен Ресейде де өзекті.

Сергей Худяков, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы” орталығының директоры:

-Қалада ескіріп қалған үйлер жетерлік. Оларды жөндеп, күтіммен қарауды үйренуіміз керек. Сондай-ақ, тұрғындар көп жағдайда жеке пәтер иелері кооперативі төрағасымен келіспей жатады. Осы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюмыз қажет.

Бірінші видеокездесуде Қазақстан мен Украина сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп күресу туралы келісіпті. Мәселе шешудің мұндай әдісі нәтижелі болуы керек, енді үш жақ екінші рет кездесуде. Талқыға түскен тақырып “Қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығының дамуы” деп аталады. Конференцияға қатысушылар ескі баспананы жаңартуды, энергия үнемдеу, жарық пен жылу жүйесін қайта қалпына келтіруге жұмсалатын шығынның тарифке әсерін азайтуды айтты. Ол үшін басқа қаржы көздерін іздестіру қажет екен.

Татьяна Лебедева, Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығының директоры:

– Жиын барысында қосымша ақпарат алмасамыз. Үш жақтан да проблеманы оңтайлы шешу жолдары ұсынылады. Мүмкін, қандай да бір ғылыми негізделген әдістемелері бар шығар. Мұның бәрі біздің қызметкерлердің біліктілігін арттыруға септеседі.

Жиын соңында көршілес елдер бір-біріне машықтану мақсатында делегация жіберу туралы келіспек.

Данаш Хамзина