Денсаулық сақтау

Фельдшерлер байқауы



 

Байқау медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды. Оған бұл жолы Петропавл станциясындағы емхана бөлімінің 12 фельдшері қатысуда. Екі командаға бөлінген ақхалаттылар сайысты көңілді тапқырлар клубы ойыны сияқты өткізді. “Пипетки” командасының капитаны Сергей Киряш бастаған фельдшерлер байқауға бір ай дайындалыпты.

Сергей Киряш, “Пипетки” командасының капитаны:
– Бүгінгі фельдшерлер арасындағы байқауға барымызды салып дайындалдық. Осындай сайыстардың қоян-қолтық жұмыс істеуде тигізер пайдасы көп деп ойлаймын. Және бұл байқауға дайындалу бізге оңай болған жоқ.

Үздік құрама арнай тапсырмалар бойынша анықталды. Олар өздерін таныстыру, команданың ұраны  және команда капитандары арасындағы жарыс бойынша сынға түсті. “Мега дәрігерлер” құрамасы бірінші қиындықтан сүрінбей өтіп, қазылар алқасының ең жоғарғы 5 деген бағасына ие болды.

Павел Николайзин, “Мега дәрігерлер” командасының капитаны:
-Осындай жарыстардың арқасында бірге істеп жүрген ұжымыңды басқа қырынан тануға мүмкіндік туады. Байқау ұйымдастырылады дегенде барымызды салып дайындалдық. Берілген тапсырма бойынша сахналанған көрініс және өлең айтамыз.

Байқау басталмас бұрын белсенді еңбектерімен көзге түскен медицина қызметкерлері марапатталды.

 Александр Гамермайстер, 175 жол-машина станциясының фельдшері:
– Мен фельдшер болып жұмыс істеп жүргеніме 4 жыл. Өз қызметімізде поездардың техникалық қауіпсіздігін бақылап, медициналық көмек көрсетеміз.
Алаяқтардың жоқ екеніне де көзімізді жеткіземіз. Ең бастысы тексеріс барысында поездағы жолаушылардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.  

Фельдшерлер арасында ұйымдастырылған  байқау көңілді тапқырлары клубы ойындары ретінде бірінші рет өтуде. Және командалық жарыс ретінде ұйымдастырылған.

Татьяна Бекузарова, «Ресей темір жолы» ААҚ “Петропавл станциясындағы емхана бөлімі” мемлекеттік емес мекемесінің бас дәрігері:
– Петропавлда темір жолдағы медициналық көмек өз жұмысын сонау 1896 жылы бастаған болатын. Ол кезде ауруды қабылдайтын бөлімде екі ғана фельдшер жұмыс істеді. Сол уақыттан кейін көп нәрсе өзгерді. Ал біздің мақсатымыз білікті фельдшерлерді дайындау болып табылады.
Осы байқау арқылы жас фельдшерлердің өз жұмысына деген қабілеттігін байқаймыз.

Байқауға қатысушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Оларға бағалы сыйлықтар және грамота табысталды.

Гүлбану Ахметова