ТКШ

ТКШ мәселелеріне арналған семинар


 

Пәтердің жайлы, баспананың жылы болуы әр тұрғын үшін маңызды. Дегенмен талай жылдан бері жөндеу көрмеген көпқабатты үйлер жетерлік. Бірінде ПИК болмаса, енді бірі тіпті пәтер үшін ай сайын төленетін ақыны да дер кезінде бермейтін көрінеді. «Сәтпаев, 38» ПИК төрайымы Тамара Дургина баспананы қалпына келтіру жұмыстарына әр тұрғынның тікелей қатысуы қажет дейді.

Тамара Дургина, «Сәтпаев, 38» ПИК төрайымы:
-Біз шатырды жөндеуді жоспарлап отырмыз. 9-шы қабатқа су ағады. 3 мердігер компания біздің шатырымызға жүргізілетін жөндеу жұмыстары ауқымды болмағандықтан, жөндеуден бас тартты. Сондықтан семинарға қатысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының мүмкіндіктерімен кеңірек таныспақпын.

«Тиімді меншік иесі» мен энергия үнемдеу ТКШ табысты жаңғыртудың негізі» атты республикалық акция мамырдың 11-нен бастау алған болатын. Соның аясында ұйымдастырылған семинарға кондоминиум басқару органдарының,тұрғын үй инспекциясы мен қызығушылық танытқан компаниялар өкілдері қатыспақ.

Әділет Тікенов, Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялары қауымдастығының атқарушы директоры:
– Семинарға қатысушылар ТКШ бағдарламасының аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың аспектілерімен танысулары тиіс. Біздің ұйым басқарушы және сервистік компаниялардың мүдделерін дамытуға, серпіліс беру. Тиімді басқару жүйесін қалыптастыру.

Пәтер иелерімен жұмыс жүргізу, кондоминиум нысанын тиімді басқару және күтіп ұстау. Жиынға қатысушылар осы мәселелер төңірегінде ақпарат алмақ.

Сергей Худяков, «СҚО азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы:
– Семинар нәтижесінде арнайы ұсыныстар әзірлемекпіз. Кейін басқарушы органдар және ПИК төрағалары бірлесе шешім қабылдайтын болады. Тұрғындар ТКШ жаңғырту бағдарламасы – отбасылық бюджетті үнемдеудің тиімді жолы екенін түсінулері тиіс.

Семинар 4 күнге жалғаспақ.

Инеш Шоқақова