Судағы қауіпсіздік

Құқық қорғау органдары

15:02 12 Маусым 2012

Өзен жағасына ыстығын басуға келген жасөспірімдер рұқсат етілмеген жерде суға түсудің қауіпті екенін  ескермейді. Дәл осы тұста арнасын бұрған өзеннің ағыны тым күшті. Екіншіден кәмелет жасына жетпегендерге ересектердің бақылауынсыз суға түсуге, өзен бойын жағалауға тыйым салынған. Құтқарушылардың ескертуі мүлдем еленіп жатқан жоқ. Ескертуді елемеудің арты қайғылы аяқталуы мүмкін. Соңғы 2 күнде ғана 5 адам суға кетті. Барлығы да арнайы белгіленбеген қауіпті аудандарда малтымақшы болыпты.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:
– Жексенбі күні 3 адам суға батты. Қайғылы оқиғалар Сольнечный кенті мен Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының және Былғары зауыты ауданында тіркелді. Ал дүйсенбі күні тағы екі адам су  құрбаны болды. Олар да Есілдің қауіпті аудандарында малтыған.

Мамандардың айтуынша жапа шеккендердің көбі араққа тойып алып суға кіргендер. Жерлестерімізге өзгелердің қателігі сабақ болмаған сыңайлы. Құтқарушылар Есіл өзенінің бойы мен көлдерді аралап ұдайы тексеріп үнпарақтар таратып отырады.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының бастығы:
– Тек арнайы белгіленген жағажайларда түсу керек  екенін енді бір ескертеміз. Онда демалушылардың қауіпсіздігін құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері қадағалайды. Жағажайдағы жұмыс жанданғалы 3 адамды өлім аузынан аман алып шықтық. Өзге аудандарды бақылап үлгермейміз. Арнайы жағажайда көмекке келіп өмірлерін арашалап қалуға 100 пайыз әзірміз.
Әсіресе су жағалаған кішкентайларды көзден таса қалдырмау керек.

Айту керек арнайы жағажайларда соңғы 5 жылда бір де бір қайғылы оқиға тіркелмепті.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Мекеме басшылары жұмысшы тасымалын ұйымдастырулары тиіс
Қала көшелерінде көлігімен құйындай жүйткіген жігіт ұсталды
“Іздестіру” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды
Петропавлда синтетикалық есірткі саудалаған адам ұсталды
Петропавлда көші-қон қызметтерінің орталығы уақытша жұмысын тоқтатты
“Жолда қабылдау” акциясы өтті
Петропавлда “Қауіпсіз мектеп” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
Синтетикалық есірткі саудалаған 12 сайт бұғатталды
Жиһанкез баукеспелер құрықталды
Петропавлда алаяқтықпен айналысқан ер адам ұсталды
Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
Өңірде мереке күндері 3 алаяқтық фактісі тіркелді