Спорт

Данияр Кәленов – Азия чемпионатының қола жүлдегері

 

 

Грек-рим күресінен Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан намысын 8 спортшы қорғапты. Соның ішінде жалғыз солтүстікқазақстандық Данияр Кәленов та бар. Данияр шаршы алаңында 4 жекпе-жек өткізген. 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол шешуші сәтте Өзбекстанның балуанымен шығып, есесін жіберіп алыпты. Сөйтіп, үздік үштікте тұрақтаған. Данияр Кәленов соңғы жеңісінен кейін спорт шебері атағына ие болыпты.

Данияр Кәленов, спорт шебері:
– Азия чемпионаты оңай болған жоқ. Өзбек балуанынан ұпай санымен ұтылып қалдым. Кейін Қытай балуанымен күрестім. Оны үшінші орынға ұпай санымен жеңдім.
 

18 команданың басын қосқан тартысты додада Қазақстанның спортшылары 2-ші орынға ие болды.
Грек-рим күресінен Азия чемпионаты 31 маусым – 3 мамыр аралығында өткен. Онда барлық елдердің мықты деген балуандары жиналған.
Данияр Кәленов өзінің жаттықтырушысы Қонысбек Түкеновтың қоластында 8 жылдан бері жаттығып келеді.

Қонысбек Түкенов, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресі бойынша жаттықтырушысы:
Осындай үлкен жарыс Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Жарыс өте қиын болды.Жалпы команда бойынша бірінші орынды Иран балуандары, екінші орынды біздің спортшылар, үшінші орынды қырғыздар алды. Осы Азия чемпионатына дайындалу үшін біз 1ай бойы Әзекрбайжанда болдық.

Жерлестеріміздің алға қойған жоспарлары ауқымды. Әзірге олар қыркүйек айында Тайландта өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық үстінде.

Гүлбану Ахметова