Қоғам

Экологиялық слет


 

Ең ақылды, ең зияткер, ең зерек. Мұндай аталымдарға ие болу үшін өңірдегі колледждер мен кәсіптік лицейлердің оқушылары 8 кезеңнен сүрінбей өтулері тиіс. Алғашқы тур – дәстүр бойынша команданың атын таңдап, белгісін бейнелеуден басталды. Команданың атауы дайын. Енді топтың бар мүмкіндіктерін көрсету қажет. Бірі спорт жаттығуларын жасап жарысса, енді бірі өлең шығарып, сурет салуға әзірленуде. Яғни команданың әрбір мүшесі жеңіске жетуге өз үлестерін қосуда.

Нұрсұлтан Қанғожин:
– Мен өзім бокспен шұғылданамын. Сондықтан спорттық шараларға белсене қатысамын.
Князь Хано:
– Мен №2 кәсіптік лицейде оқимын. Жарысқа қуана қатыстым. Жеңеміз деп ойлаймын.
Юлия Матвеева:
– Біздің командамыздың аты «Green people». Бұл «Жасыл адамдар» дегенді білдіреді.

Командалардың құрамында 10 адамнан. Өңір экологиясын жақсартуды көздейтін слетке облыс орталығының 6 командасы мен Есіл аграрлық-техникалық институтының құрамасы қатысты.

Динара Шәймерденова, облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:
– Командалар бірнеше тур бойынша сынға түседі. Ең үздіктері марапатқа ие болмақ.

Командалар арасындағы үздіктер 7 аталым бойынша анықталды.

Инеш Шоқақова