Спорт

Алексей Мартыновичті еске алуға арналған веложарыс

КСРО спорт шебері Алексей Мартыновичті еске алу мақсатында аталмыш веложарысты жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған. Солтүстікқазақстандық спортшы халықаралық жарысқа қатысу кезінде 1994 жылы дүниеден өткен.

Владимир Парахин, велоспорттан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Ол спорт саласында бірқатар жетістіктерге жеткен. Спорт шебері дәрежесін орындаған. Өз заманында КСРО құрамасына кірген.

Алексей Мартынович бүгінде  Бәйтерек , ал бұған дейін  Элитное  деп аталған ауылдың тумасы. Сол себепті де жарысты спортшының туған жерінде өткізуді жөн санадық дейді ұйымдастырушылар. Бүгінгі жарысқа Алексей Мартыновичтің туыстары да келді.

Ирина Малышкина, Алексей Мартыновичтің немере қарындасы:
Жаттықтырушылардың ағамды еске алып, осындай турнирлерді өткізіп тұратыны қуантады. Біздің есімізде қалғаны, ол үнемі жарыстардан медальдармен оралатын.

Сайыс үш жас аралығында өтті. Алғашқы болып сынға түскендердің арасында Богдан Гапотченко бар. 14 жасар жеткіншек спорт шеберлігінен үміткер. 20 шақырымдық айналымда спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті.

Богдан Гапотченко, велоспорттан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Әр жеңіс әрқашан алда болуға ынталандырады. Әрі халықаралық жарыстарға қатысып, онда да жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта «Тур де Франс» сияқты халықаралық веложарысқа қатысқым келеді.

Қызылжар аудандық ашық біріншілігіне барлығы 90-ға жуық велоспортшы қатысты. Енді шабандоздарды 25 маусым күні Петропавл қаласында өтетін республикалық көпкүндік жарыс күтіп тұр.

Владимир Парахин, велоспорттан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Ол спорт саласында бірқатар жетістіктерге жеткен. Спорт шебері дәрежесін орындаған. Өз заманында КСРО құрамасына кірген.

Алексей Мартынович бүгінде  Бәйтерек , ал бұған дейін  Элитное  деп аталған ауылдың тумасы. Сол себепті де жарысты спортшының туған жерінде өткізуді жөн санадық дейді ұйымдастырушылар.

Әспет Әбдірешова