Билік

ӘКК дамыту тұжырымдамасы керек



 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар экономиканың дамуына үлестерін қосуы керек. Бірақ, көптеген әлеуметтік корпорациялардың даму стратегиялары жоқ екен.  Жеке сала бойынша мамандандырылмаған. Бизнеспен қарым-қатынас дұрыс жолға қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда қызметі шашыраңқы, әрине, бұдан шығатын нәтиже де шамалы. Әлеуметтік-корпорациялардың даму стратегиясын жасау туралы өткен жылдың шілдесінде сөз болыпты. Бір жыл өтті, әлі еш алға басушылық байқалмайды. Сол себепті, Серік Ахметов бір айдың ішінде даму стратегиясын жасауды тапсырды. Корпорациялардың жұмыс істеу жүйесі осы жылы нақтылануы қажет. Солтүстікқазақстандықтар даму стратегиясын әзірлеп қойған, концепцияның бекітілуін күтуде.
Селекторда қаралған екінші мәселе – өңірлік тұрақтандыру қоры жайлы. Аталған қор барлық облыста бар. Тек бірінде жақсы жұмыс жасалса, енді бірінде шығын тіркелген. Кейбір өңір басшылары осы жайында баяндады. Мысалы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қыстан көкөніс артық қалған. Ал, Шығыс Қазақстанда қалдық мүлдем жоқ. Вице-премьер Серік Ахметов халықты 2012-2013 жылдары көкөніспен қамтамасыз ету жағына сараптама жүргізіп, тұрақтандыру қорына салатын өнімнің көлемін білуді тапсырды.
Селекторлық жиын аяқталған соң, облыс әкімі Серік Біләлов бірталай міндеттерді айқындады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Тұрақтандыру қоры бойынша өткен жылдың кемшін тұстарын есепке алып, тауардың көлемі мен бағасын сараптау керек. Қазірден бастап нарықты зерттеп, күзгі өнімді болжау қажет.

Данаш Хамзина