Білім

Жұмыссыздар қайта даярлау курстарынан өтуде



 

Медет Айдаров бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған соң темір дәнекерлеуші болуды ойлапты. Шешіміне өкінбейді. Қайта даярлау курстарында темір түюді 3 ай ішінде меңгеріп, енді дәнекерлеуші атанды. Жұмыс орны әзір. Жамбыл ауданының тұрғыны қаладағы зауыттардың біріне орналасқан.

Медет Айдаров, дәнекерлеуші:

– Сұранысқа ие мамандық. Зауытта өндірістік тәжірибеден өтіп едім, жұмысқа алу туралы ұсыныс түсті. Бірден қабылдадым.

Қолынан іс келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген жастар бізге жиі жолығады дейді Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Раушан Текебаева.

Раушан Текебаева, Қызылжар ауданы жұмыспен қамту орталығының маманы:

– Біз жұмыссыздарды үздіксіз қабылдаймыз, олардан түскен өтініштерді қарастырамыз да осында жібереміз. Жыл басынан бері 2 дәнекерлеуші және станокта жұмыс істейтін 3 адам қолдарына сертификат алды.

“Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде станок шебері, электрик, дәнекерлеуші және автоэлектрик мамандықтары бойынша 71 түлек қайтау даярлау курстарын тәмамдады. Соның ішінде автоэлектриктер бірінші рет оқып шықты.

Василий Недосеков, автоэлектрші:

– Мен 18 жасымнан механизатор болып жұмыс істедім. Тағы бір мамандық артық етпейді. Благовещенкаға барған соң автоэлектрик болып істеймін.

Жалпы осы жылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 94 адам қайта даярлау курстарынан өтуі тиіс. Түлектердің келесі тобы шілде айында сертификат алады.

Данаш Хамзина