Денсаулық сақтау

Медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада

 

Спартакиадаға 28 команда келді. 240 ауыл-село және қала дәрігерлері мен медбибілері спорттың үш түрі бойынша сайысады. Алғашқысы – шағын футбол.  Алаңға  Қызылжар және Ақжар аудандық орталық ауруханаларының  командалары шықты. Бірден белсенді шабуылдарға көшкен ақжарлықтар көп ұзамай есеп ашты. Жалпы ойын соңына дейін ақжарлықтар тағы алты гол соғып, ойынды 7:2 есебімен аяқтады. Ал бұл кезде қалалық мәдениет және демалыс саябағында  әйелдер арасында стритболдан жарыс өтті. Спартакиада  бағдарламасы бойынша барлық қатысушылар 1600 метрге жүгірді.   Спартакиада қорытындысы бойынша шағын футболдан облыстық тері-венерологиялық диспансердің командасы бірінші орынға шықты.Стритболдан облыстық денсаулық сақтау басқармасының  өкілдері жеңіске жетті.