Денсаулық сақтау

Кенеге қарсы шаралар

Күн жылынып, ауа температурасы жоғарылай бастаған уақытта кенелердің белсенділігі арта түседі. Әсіресе, мамыр-маусым айлары жәндіктер үшін қолайлы. Дегенмен бұған дейін де жәндіктен сақтанған жөн.

Татьяна Краснова, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:

 

-Кенеден сақтануды ұйымдастыру үшін қала мен жақын маңдағы аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шараның бірінші кезеңі басталды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы кенелер көп шоғырланатын қауіпті орман алқаптары улағыш дәрілермен өңделді.

Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млн 200 мың теңге бөлінген. Барлығы 500 га артық аумақ дәріленеді. Кене шағудан пайда болатын аурулардың алдын алу да көзделуде. Қауіпті жәндік шаққан жағдайда бірден мамандар көмегіне жүгіну қажет.

Татьяна Краснова, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:

– Адамды кене шаққан кезде дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, кейіннен қызыл бөртпелер пайда болады. Ауру 10-12 күнге дейін созылуы мүмкін.

Қала тұрғындары да денелерінен кене табылған жадайда қандай әрекет жасау керек екендігін жақсы біледі.

– Біреудің құлағының сыртынан алдым. Сұйық май тамыздым да қыстым. Сол кезде олар әлсірейді. Жансыз қалған кезде, пинцетпен алуға болады.
– Құдайға шүкір, ауылда өссем де бір де бір рет бұндай жағдайға тап болмадым.

Кенелер көбінесе қалың ағаштарда, шөп жамылғысы бар аралас ормандарда, әсіресе былтырдан қалған шөп арасында тіршілік етеді. Бұған дейін өңірімізде бұл жәндіктің шағуынан туындайтын кене энцефалиті ауруы тіркелмепті. Алайда табиғатқа шығарда мамандардың айтуынша, ең бастысы 2 нәрсені естен шығармау қажет: біріншіден, ашық киім кимеу және түрлі жәндіктерден қорғанатын жақпаларды қолданған жөн.  

Әсел Күшенғалиева