ТКШ

Қысқа дайындық

  

 

Виктория Курочкинаның бұл үйге басшылық жасап жүргеніне 4 жыл. Осы уақыт аралығында оның бастамасымен баспанада бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде жеделсаты іске қосылып, балалар алаңы қалпына келтірілген. Үйді басқарушының жұмысына тұрғындар дән риза.

Марат Қарабалин, үй тұрғыны:

Мен осы үйде 5-ші жыл тұрып жатырмын. Тұрғындар жиналысында Виктория Андреевнаны төрайым етіп сайладық. Ол өз жұмысына жауаптылық танытып, қыруар іс атқарып үлгерді.

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші Кәрім Сүтішев көшесіндегі 65 үйдің тұрғындары өздері тұратын жерді жөндеуге кірісіп кетті. Бүгінде 10 қабатты үйдің жиектерін жөндеу үшін жеке пәтер иелері кооперативінен 50 000 теңге көлемінде ақша бөлінген.

Виктория Курочкина,«Искра» ЖПИК төрайымы:

Тесіктерді жамап, баспанамызды жылыладық. Үйдің қабырғалары мен жиектерінің үгіліп қалған жерлерін бірдей ету үшін сырлап-қырлап жатырмыз.

Пәтер иелері жыл сайын күштері жеткенше баспанада азды-көпті жөндеу өткізіп тұрады. Мамыр айының басында олар өз қаражатына су мен жылу таратқыш құбырларды жаңартып алыпты. Ол үшін 200 мың теңге көлемінде ақша жұмсалған. Алайда, тұрғындарды алаңдатып отырған мәселе де бар. Тұрғын үйдегі кәріздік желінің бітеліп қалуына байланысты жертөлеге су жиналуда.

Виктория Курочкина, «Искра» ЖПИК төрайымы:

-Бізді жертөлелеріміздің кәріздік құбырдан шыққан қалдықтармен толуы алаңдатып отыр. Дүйсенбіден бері жер асты құдығы бітеліп қалды. Үшінші күн «Петропавл-су» АҚ қызметкерлерін күтудеміз.

Виктория Курочкинаның сөзіне қарағанда, жертөле кәріздік судан тазартылғаннан кейін қысқа сақадай сай болмақ.

Әсел Күшенғалиева