Балалар

«Бауырсақ» мерекесі



 

Гимназияда «Бауырсақтар» мерекесін өткізу игі дәстүрге айналған. Бүгін мұнда келген әр қонаққа жаңа пісірілген бауырсақ таратылды.

Арман Сердалина, қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі:
Қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ. Бауырсақты қалай пісіру  керек, ұлттық тағам екенін, оны ұмытпау керек екенін ескере отырып, қазақ мектебі болғаннан кейін «Бауырсақ» тойын өткізіп жатырмыз.

Әдемі киінген   бүлдіршіндер ән айтып, би билеп өздеріне келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Ұлан», «Аралар» және «Теңізшілер» топтарына бөлінген балалар сауықтыру алаңында ертегілік қойылымдар қойып, мерекенің басты кейіпкері бауырсақты қарсы алды. Мектептегі сауықтыру алаңында 60-қа жуық оқушы уақыттарын тиімді өткізеді.

Гүлнұр Айжарқынова, қалалық классикалық гимназияның сауықтыру алаңының жетекшісі:
Қалалық классикалық гимназия оқушыларының «Көңілді жаз-2012» сауықтыру алаңының ашылу салтанаты бауырсақ тойымен сәйкес келіп отыр. Біздің сауықтыру алаңында алпысқа жуық бала дем алып, көңілді жаздарын өткізіп жатыр. Сонымен қатар, қолөнер үйірмесі, музыкалық студия және дене шынықтыру сабақтары, дем алу, бассейн   сабақтары өткізіліп жатыр.

Балалар да сауықтыру алаңында өте жақсы дем алатындарын айтады.

Біз сауықтыру алаңында ойнаймыз. Және сурет саламыз. Маған бауырсақ ұнады.
Футбол ойнаймыз. Мұнда өте көңілді.
Біз сауықтыру алаңында сурет саламыз, бассейнға барамыз, спортпен айналысамыз. Бауырсақ тойы бізге ұнайды.

Жеткіншектер сауықтыру алаңында таңертеңгі тоғыздан күндізгі үшке дейін уақыттарын тиімді өткізеді.

Әспет Әбдірешова