Спорт

Жас шабандоздар Астана күніне әзірленуде

Қолға үйретілген жылқы туралы ең алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта кездеседі екен. Содан бері жүріске мықты, жүйрік жылқы жануары әрқашан ер серігі деп саналған. Ербол Еңсебеков аттарды күтіп-баптаумен жастайынан айналысады. Оның жарыстарға дайындаған тұлпарлары талай рет жүлделі орындардан көрініпті.

Ербол Еңсебеков:

 

-Ат спорты өте қатты ұнайды. Мен ат спортынан таңдағыным – бәйгеге атты дайындап қосу. Атымның аты – «Алтын».Осы аттармен жарыстарға қатысамын.

Қазіргі таңда спорт мектебінде 90-ға жуық жасөспірім ат үйірмесіне қатысады. 9 -18 жас аралығындағы балалар «Теңге алу», «Бәйге», «Қыз қуу», «Аударыспақ» сынды ойындарды ұйымдастыру арқылы өздерінің шеберліктерін арттырады. 1 ай бұрын мектепке Соколов орман шаруашылығынан жергілікті тұқымды 20 сәйгүлік әкелінген. Енді үйірмеге қатысушы балалар оларды үйретіп жатыр. Ал мектептегі 4 жаттықтырушы бұған көмек көрсетпек.

Есенгелді Құспеков, ат спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:
– Облыс әкімі 20 ат бөлген болатын. Қаізір солармен жұмыс істеудеміз.
Бұрын 10 ат болатын.

Осындай эстафеталар және жарыстардың көмегімен жасөспірімдер сайыстарға әзірленуде. Шілденің 4 -6 аралығында Астана күніне орай облыстық спартакиада өтпек. Әр қатысушы биік тұғырдан көрінуге үмітті.

Инеш Шоқақова