ТКШ

Орталықта гүлдер жайқалса, шеткері аймақты қоқыс басқан

 

 

Түрлі-түсті шырайгүл, барқытгүл, тагетес. Бұл гүлдер күз мезгіліне дейін жайнап өсетіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан дәл осы гүлдердің тұқымдары «Коммунхоз» кәсіпорнының жылыжайларында өсірілген. Тәуелсіздік стеласынан бастап, қала көшелерін абаттандыруды қолға алған мекеме қызметкерлері облыс орталығының саябақтарын да гүлдермен әсемдемек.

Антонина Сулеин, «Коммунхоз» КМК гүл өсірушілер бригадирі:
Біз 10 мың шаршы метр аумаққа түрлі гүлдерді отырғызуды жоспарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда оның жартысы орындалды. Бүгін М.Жұмабаев көшесінің бойында жұмыс істей бастадық. Бұл гүлдерге өзіміз күтім жасап, олардың ұзақ уақыт бойы тұрғындарды қуантуына септеспекпіз.

Оксана Скупневская туған қаланың келбетін әсемдеп,   гүл егу сүйікті ісімізге айналды дейді. Тек тұрғындар да осы еңбек пен әсемдікті бағалай білсе болғаны.

Оксана Скупневская, «Коммунхоз» МКК гүл өсірушісі:
– Менің гүл өсірумен айналысқаныма 6 жыл болды. Мамыр айында гүл егуді бастаймыз, кейін оларға күтім жасаймыз.

Петропавлдың орталық көшелерінің бойына гүлдер егіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатса, қаланың шеткері ауданы –  Жұмысшы кентіндегі Тепловозное көшесінің ортасында қоқыс алаңы пайда болыпты. Бірақ бұл тұрғындар үшін үйреншікті жағдай. Өйткені шашылған тұрмыстық қалдықтарды ауданның өзге де жерлерінде аңғаруға болады.

Біз қоқысты шығарушы кәсіпорындарға қажетті төлемдерді дер кезінде төлесек те, осындай жағдай орын алып отыр. Бірнеше рет шағымдандық. Еш нәтиже жоқ.

Инеш Шоқақова